Жаңалықтар
...
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 21-22 қыркүйек күндері «Қаздауысты Қазыбек би» атты тарихи –драманың премьерасымен 86-шы маусымын ашты.
Қарағандының Сәкен театры Кереку жерінде
Кеше, 25 қыркүйек күні Павлодар қаласында Қарағанды облыстық қазақ драма театрының гастрольдік сапары басталды.
Алдымен қаладағы мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналып, «Қаздауысты Қазыбек би» тарихи драмасы ұсынылды. Жас ұрпақ күллі қазаққа ортақ тұлға –Қазыбек бидің ел бірлігі мен ынтымағы жолындағы өнегелі істеріне қанықса, ал кішкентай көрермендерге «От құйрықты әтеш» қойылымы қатты ұнағаны соншалық, олар қарағандылық артистерді сахнадан жібермей, ұзақ қол шапалақтап тұрды.
Премьера
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 21 қыркүйек күні «Қаздауысты Қазыбек би» атты тарихи –драманың премьерасымен 86-шы маусымын ашты.
Казыбек би премьера
Сәкен театры 21-22 қыркүйек күндері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмабековтың "Қаздауысты Қазыбек би" тариxи драмасымен 86-шы маусымының шымылдығын түреді. Ұлтымыздың ұлы биінің 350 жылдығына арналған қойылымда Қазыбек бидің шешендігі мен көрегендігі, қазақ xалқының біртұтастығын ойлаған кемеңгерлігі жан-жақты көрсетіледі. Қоюшы режиссер Ш, Айтматов атындағы xалықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов, /Тараз/ суретшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Тұяқов. /Алматы/
...
EXPO-2017 xалықаралық көрмесінің аясында Астанада өтіп жатқан Қарағанды облысының күндеріне орай С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының өткізген шаралары.
5-7 қыркүйек 2017 жыл, Астана қаласы














