Құрылу тарихы

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының тарихы мен әр жылдары жеткен жетістіктері.

Сәкен атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының тарихы 1932 жылы ашылған жұмысшы-жастар театрынан басталады. Театрдың негізін қалаушылар қатарында қазақ театр өнерінің алғашқы қарлығаштары болған, кейін дарынымен бүкіл елге танылған, ҚР-ның халық артистері Ж. Шашкина, М. Сүртібаев, Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, ҚР-ның еңбек сіңірген артистері Ә. Шаймерденов, З. Көшкімбаев, Т. Қосыбаева, З. Жақыпов, А. Ыбыраев, М. Әбдікәрімов, сондай-ақ артистер М. Бектенов, Т. Сағынтаев, Ө. Тойбаев, Б. Шалов, Н. Жабаев, Е. Мұқсынов, Т. Илиясов, К. Көлбаева, К. Мұстафин, М. Баязитова, А. Жетімтаев, Ұ. Әбеуова, К. Ахметова, Ж. Қартабаева, Ө. Мананбаев, К. Түлкіьаев, К. Нүғыманов, Н. Камалов, А. Салықов, М. Мүқатаева, М. Николаева, Ж. Әукенова, Т. Әбілқасымов, К. Ғабдуллина, Б. Қоскеқызы және басқа да өнерлі жандар еңбек етті.

1950-1980 жылдары аралығында театрда көптеген талантты актерлер мен режиссерлер қызмет етті. Талай әлемдік және қазақ классиктерінің драматургиялық шығармалары сахнаға шығарылды.

Алғашқы режиссерлер М Қосыбаев, М. Қамбаров, Ж. Есенбеков, А. Сәлімбаев, Т. Тұңғышбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерілері Е. Тәпеновтер болса, әр жылдары Қазақстанның халық артистері Қ. Сатаев, Ә. Абылаева, Ә. Молдабеков, Ж. Медетбаев, ҚР еңбек сіңірген артистері Ө. Асылбеков, Б. Имашева, Қ. Әлімбаева, Е. Ж.нісбеков, Ш. Жунусов, Р. Омарханова, Р. Баймағамбетов, К. Жұмабеков, С. Қажымұратұлы, Қ. Асқарова, Р. Тәжібаева, К. Қожахметова, Б. Сейітмамытов театрымызда жұмыс істеді.

1982 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

1986 жылы С. Жүнісовтың «Өліара» пьесасын сахналаған шығармашылық топ ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Е. Тәпенов, С. Қажымұратұлы, суретші М. Мақсұтов, актер К. Жұмабеков ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Бүгінгі таңда театр репертуарында 100-ге тарта спектакль бар. Қазақ-орыс драматургтерімен қатар, бауырлас халықтар қырғыз, әзербайжан мен башқұрт, татар, түркі жұртының шығармалары және әлемдік классиканың да үлгілері сахналанып келеді.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы 85 жылдық тарихында тарихи сананы жаңғырту, өткеннің тағлымы мен тәлімін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Думан Рамазанның «Ұлы арман» тарихи драмасын, қойса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, Е. Төлеубайдың «Әлихан Бөкейхан» драмасын қойды. К. Жұмабековтың «Абай мен Әбіш» драмасы, М. Әуезовтың «Айман-Шолап» комедиясы, Д. Исабековтың «Өкпек жолаушы», Ж. Әлмешұлының «Сәкеннің соңғы сапары» , Шекспирдің Ромео-Джульеттасы», Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түні», Ш. Айтматовтың «Ана- Жер Анасы», Т. Уильямстың «Тәнге түскен раушан гүл», Ә. Несиннің «Өлтірші мені, көгершінім», А. Галиннің «Қайран, жас дәурен» және тағы басқа да көптеген спектакльдер театр репертуарынан берік орын алған, өзінің тұрақты көрермендері бар.

Театрдың шығармашылық ұжымы әр жылдары көптеген халықаралық, республикалық және аймақтық театр фестивальдеріне қатысып, Гран-приден бастап, түрлі жүлделермен, аристер мен актерлер лауреаттар атанып қайтып жүр.

Қазақ театры гастрольдік сапарлармен Өзбекстан мен Қарақалпақстан, Түрікменстан елдерімен қатар, Каир, Ялта, Минск, Баку, Қазан қалаларында спектакльдер қойып, қазақ театр өнерін танытып келеді.

Тетарымызға әр жылдар сырттан танымал режиссерлер шақырылып тұрады, олардың қатарында италиялық режиссер Б. Беналио мен Мәскеуден өнер тану ғылымының кандидаты Д. Арынғазиевалар келіп, спектакльдер қойды.

87 жылдық тарихы бар театрымызда негізінен жастар жұмыс істейді. Аға буын өкілдері Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Е. Жүнісбеков пен К. Жұмабеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ. Кемалов, Мәдениет қайраткерлері С. Жұмағали, М. Қисықов, Г. Рәшқалиева, С. Бекболатов, Ж. Жансүгірова, Ш. Нукина, М. Садыханов, Б. Кемалова, Б. Ахметов, Қ. Жырымбаева, А. Ахметқалиева, З. Абдыхалқова, Б. Сүлейменов, А. Қырықбаев, Д. Еспаев(Станиславский атындағы орыс драма театрныың басшысы ), Б. Киікбаев, Р. Қошанов, М. Қойшығариндермен қатар талантты жастар Д. Айғазинова, Д. Заитова, Д. Молдабаев, А. Мқашев, М. Ахметова, М. Маликов, Г. Белгібаева, К. Үйсембаева, Г. Дүйсенбекова, Т. Садықанов, Қ. Жағыпааров, Б. Жағыпарова,, А. Жұмамұратов, А. Манарқанова, С. Тәшімбекова, К. Темірлан, А. Асанова, М. Абишев, М. Шакенов, Б. Нұрмағамбетов, Г. Бердембетов, М. Тұрсынғалиева, К. Бейбітхан, С. Серікұлы сияқты жастар жаслғастыруда.

2010 ж Египет Араб Республикасы, Каир қаласында 23 Халықаралық экспериментальдік театр фестивалінде «Халықаралық сертификат» жеңіп алды.

2011 ж. Украина, Қырымда«Театр. Чехов. Ялта» Халықаралық фестиваліне қатысып «За яркое воплощение легенды и мифа» номинациясын жеңіп алды.

2012 ж. 1 қарашада С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 80 жылдық мерейтойы тойланды.

2013 ж. 4-8 наурыз аралығында Санкт – Петербург қаласы «Моноколь» фестиваліне У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» моноспектакілімен театр актері Б.Киекбаев барып қайтты.

2014 ж Тараз қаласында «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты 1-ші халықаралық тетарлар фестиваліне У. Шекспирдің «Король Лир» қойылымын апарып, Қазасқатның еңбек сіңірген артисі, Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты К. Жұмабеков «Актер өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңіп алды.

2015ж. Театр Башкирияда өткен ұлттық драматургияның Карим Тенчурин атындағы 7-ші Халықаралық фестиваліне «Қаракөз» жрамасымен қатысып, лауреат болып қайтты.

2015ж. мамырдың 05-14 аралығында Түркия мемлекетінің Трабзон қаласында өткен 16-шы Халықаралық «Қара теңіз жағалауында» атты фестиваліне М.Әуезовтың «Қарагөз» қойылымымен қатысып, көрермендерден жоғары баға алып, үлкен марапатқа ие болып қайтты.

2016 ж. Сәкен театры ұжымы тамыз айында Астана қаласында өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған үлкен мерекелік іс-шараға театрландырылған көрініспен қатысып, жоғары белсенділік танытқан болатын.

2016 жылдың 10-13 наурыз күндері аралығында бауырлас қалалар «Қарағанды мен Ескишехир» арасындағы ынтымақтастық келісімінің аясында қазақтың аса көрнекті сазгері Тәттімбеттің 200 жылдық мерейтойына орай Түркияның Ескишехир, Анкара, Амасия және Болу қалаларында бірқатар мәдени іс-шараларды халықаралық TҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен, қолдауымен құрамында алпысқа жуық музыканттармен театр артистері бар Қазақстандық делегация өз өнерлерін көрсетіп қайтты.

2016 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, театрымыздың бірқатар қызметкерлерінің еңбектері жоғары бағаланып, арнайы құрметпен марапатқа ие болды.

С.Н. Бекболатов – ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды.

М.А.Садықанов - «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

С.К.Мустафина -ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Р.Е.Кожанова - Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

А.Ахметкалиева - ҚР «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2016 жылдың 16-18 қараша күндері К.Жұмабековтың «Адасқандар» драма спектаклімен (реж ҚР мәдениет қайраткері С.Жұмағали) Алматы қаласына гастрольдік іс-сапармен барып қайтты.

2017 ж. Бүкілресейлік Поволжье, Урал халықтарының Буйнск драма театрының 100 жылдығына арналған фестивальге Гамлеттің «Мышеловка» спектаклімен қатысып, жүлделі орын алып қайтты. Режиссері К. Қасымов.

2017 ж 26 – 30 маусымында театр ұжымы Македония мемлекетіне 5 – ші Халықаралық Шекспир фестиваліне У.Шекспирдің «Гамлет-тәпі» /трагифарс/ (реж.Қ.Қасымов) спектаклімен өнер көрсетті.

2018 ж. 04-10 маусымы. Сәкен театры театрлардың Румыниядағы Халықаралық «Babel» фестивалінде өнер көрсеткен 26 театрдың ішінде әділқазылар алқасы ерекше қойылымдарымен, сахналық безендіру және режиссерлік шешімдерімен көзге түскен 5 театрды ғана айрықша атап өтті.

Сол Мемлекеттік тулары көкте желбіреген 5 елдің театрларының арасында Қазақстанның да көк туы асқақтап тұрды. Фестиваль өтіп жатқан күндері әр елден келген театрлар ұжымы Тарговиште қаласының көшелерімен, қызыл кілем үстімен шерулетіп, өз елдерінің көкке көтеріп өтті. Қарағандылық Сәкен театрының өнері арқасында фестиваль қонақтары Қазақстан жайында, Елбасымыз Н. Назарбаевтың көпұлтты мемлекетіміздле әр ұлттың өнері мен мәдениетін дамыту тұрғысындағы көпвекторлы саясаты жайында естіп білді. Ал Жапония мен Корей елдерінің театр қайраткерлері Сәкен театрымен ынтымақтастықта шығармашылық жұмыс жасауға қызығушылық танытты. Олар Сәкен атындағы қазақ драма театрын алдағы уақытта өз елдеріне шақыратындықтарын да айтты.

2019 ж. 10-13 маусым. Нұрсұлтан қаласында өткен халықаралық «Самғау» театрлар фестиваліне Сәкен театры жазушы-драматург Р. Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурдын көрсетіп, әділқазылар алқасынан өте жоғары баға алып қайтты. Драма-абсурд тәрізді күрделі жанрға облыстық театр ұжымының қорқақтамай баруының өзі Сәкен театрының шығармашылық потенциалының жоғары екенін көрсетеді. «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурды элиталық көрермен тәрбиелейтін, бүгінгі күннің өте өзекті тақырыбына арналған шығарма деп атап өтті «Самғау» халықаралық фестивалі әділқазылар алқасының төрайымы, өнертану ғылымының докторы, Ресей театр өнері институтының профессоры, театр тарихшысы мен сыншысы Нина Шалимова және әділқазылар алқасының мүшелері белгілі театр қайраткерлері Еркін Жуасбек, Талғат Теменов, Анар Еркебай.

Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры алдағы уақытта да қазақ театр өнері мен мәдениетін дамытуға, «Рухани жаңғыру» ісіне өзіндік елеулі үлесін қосып осы бағытта ынтымақ пен бірлікте үлес қоса беретін шығармашылық потенциалды ұжым.

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды

облыстық қазақ драма театры

КМҚК басшысы С.Н. Бекболатов