07.08.2019

Театрымыздың «Самғаудағы» биік самғауы

Маусым айында Нұрсұлтан қаласында өткен 7-ші Халықаралық театрлар фестиваліне С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурдымен қатысқан болатын . Фестивальдің әділқазылар алқасы қойылымнан кейінгі талқылау барысында Қарағандының Сәкен театрының қойылымына өте жоғары баға беріп, режиссерлік шешіміне, актерлер ойынына тәнті болғандарын айтты.

Төменде сіздердің назарларыңызға сол талқылауда айтылған сарапшылар пікірінің толық нұсқасын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Е. Жуасбеков: - Ең алдымен ұйымдастырушылардың өтініші бойынша, Қарағанды театрына жанымызды жадыратып, ортамызды толтырып, тамаша қойылым көрсеткені үшін фестивальдің арнайы дипломы мен статуэткасын табыс етейік. Қарағандының Сәкен театрына осы «Самғаудай» әрдайым биіктерге самғай беріңіздер деген тілек айтамыз.

Қай спектакльден кейін де, біздің пікір алысатын алаңымыз, осы талқылау алаңы. Олай болса, талқылауымызды бастайық Алдымен сөз кезегін Талғат Досымғалиұлына берейік.

Талғат Теменов, театр және кино режиссері, ҚР халық артисі, профессор-драматург:

- Роза Мұқанова туралы бірер пікір. Қазақ руханиятында, қазақ әдебиетінде қалам тартып жүрген қыздар көп емес. Кеше 70-80-90-шы жылдарда А. Жағанова болды, Фаризаның шығармалары сахналанды.

Бірақ осы тұрғыдан келгенде, кәсіби драматург болып жүрген қыздардың ішінде көш бастап жүрген осы Роза Мұқанова. Розаның кешегі «Мәңгілік бала бейнесі» бар, бізде қойған «Сарасы» бар, басқа да шығармалары бар. Соның ішінде ӘкімТарази мен С. Нарымбетов бірге жазған үлкен дүние болып шықты, кешегі «Мәңгілік бала бейнесі» қазақ драматургиясының, қазақ киносының шоқтығы биік туындыларының бірі де, бірегейі.

Роза өкінішке қарай, қаламды сирек ұстайды, оның қазіргі мамандығы ана болу, жар болу, ұстаз болу, қоғам қайраткері, соның ішінде драматург болу әрине оңай емес. Бірақ Розаның әрбір жазған шығармасында үлкен философиялық астар бар. Розаның мына шығармасы да, абсурдтық дүние, ертегі дүние. Жәй көрерменге Роза түсініксіз тұлға. Бізде массовый жалпылама шығармаларды блокбастер дейді. Ал ойлы қауымға, зиялы қауымға авторский кино дейтін жанр бар, ол кешегі Филенин, Беркман, біздегі Тарковский, Сакуров, қазіргі Звегинскийлердің ұстап отырған жолы.

Кезінде телевидение шыққанда елдің бәрі шулаған екен, енді кино болмайды, кино өледі деп, бірақ өмір өзін дәлелдеді, кино өлген жоқ. сол секілді блокбастер шыққанда енді авторлық кино болмайды деп, онымен оны да дәлелдеді. Сол секілді Роза шығармаларында философия, тереңдік, кез келген адам түсіне бермейтін, оның түйсігіне жете бермейтін үлкен дүниелер жазады. Мына шығармасын мен оқымаған екенмін. Розаға іштей риза болдым. Режиссер Бекмұхамед Киекбаев мен білмейтін бала екен, жас жігіт шығар деп ойлаймын. 50-ге келсе да әлі жас енді.

Режиссер мен суретшінің шешімі, анау біржағынан қарасаң ортада тұрған биік мұнара үйдің іші тәрізді нәрсе бір жағынан қарасаң, концлагердің вышкасы тәрізді шешілген нәрсе. Бәрін көлеңкемен, материалмен берген, Роза негізі оң құлағын сол қолымен ұстайтын автор, оны жай түсіне салу мүмкін емес. Міне режиссер соны дәл тапқан. Егер осы дүниені өзім ойлаймын басқа да театрлар қоятын шығар деп, бірақ менің ұғымымда дәл осы бір режиссерлік шешім өте сәтті табылған, суреткермен бірге керемет жасалған дүние. Ең соңындағы Ақанның «Шырмуық» әні осы спектакльдің биікке көтерілген нағыз жоқтауға арналған, жоқтауға ұласқан зары секілді дүние. Абайдың өлеңінде бар еді «Өмірдің басы тәтті, соңы қайғы» деп, тура сол өмірдің соңғы күндері, бір қарасаң, үміт жоқ секілді. Бір қарасаң үміт сәулесі де көрінбейді. Ал бірақ шын мәніндегі спектаклдің айтар ойы ол бүгінгі өмірдің қатігездігі, бұл өмірде ешқешен ата-анасын ешқашан қарттар үйіне өткізбеген халық 70 жылдан кейін, осы сұмдыққа бара бастады. Мен осыдан үш жыл бұрын кино түсірдім, «Маленький принц нашего города» деген, сонда мен бірінш рез қарттар үйіне бардым, жағамды ұстадым. Тәрбиеші директор айтады осыдан он жыл бұрын өзіміздің қарагөздер бірен-саран ғана келуші еді. Қазір көбейіп кетті аға дейді, бұл үлкен тревога. Бұл сигнал қоғам өздерінің абыздарын, ата-аналарын, әке-шешелерін қарттар үйіне өткізе берсе, күндердің күнінде ұрпақтың жоғалатыны хақ, халық болып жоғалатыны хақ. Міне автор осыны меңзейді. Біз қайда бара жатырмыз, халық бірте-бірте тобырға айналып бара жатыр. Спектакль осы турады жанайқайы...Спектакльде Млцарттың Реквиемі секілді азалы үн бар. Бұл бір үйдегі бір ғана тағдыр емес, егер Ана –жер Ана дейтін болсақ, халқымызы Отан ана деген соө болса, бұл сол Отан ана жайлы реквием.

Мен мұндағы актерлердің барлығын да жақсы ойнайды деп ойлап тұрам жоқ, барлығы маскі секілді, материалдың аржағынан безлики болып көрінетін, кейіпкерлер болатын болса, соның ішінде әсіресе, Асылдың рөліндегі бас кейіпкер Заитоваға мен қатты риза болдым. Дауыс, пластика, ойнау мәнері еріксіз менің есіме Фарида Шарипованы түсірді. Бойында энергетика бар, «оголенные нервы» дейді, сондай нервы бар, мен осы қызға қатты ырза болдым. Осындай талантты қыздың әлі күнге халыққа, қазақ еліне, соның ішінде киноға шықпай жүргеніне өкініп те отырдым. Жалпы мына спектакльдің таңдалуы, актерлердің бір адамды ойнауы бұл үлкен режиссерлік тапқырлық және театрдың үлкен жетістігі деп білемін. Сансызбай, сен осы театрға келгелі біраз болды, театрыңдағы талай-талай дүниелерді көріп жүрмін, солардың ішіндегі мынау шоқтығы биік дүние. Бұл көрерменнің жаппай келетін спектаклі емес. Бұл элитный спектакль, маржандар бір тал болады, көп тос көп болады. Ондай емес, бұл жүрген сайын, уақыт өткен сайын өзінің ғана көрермені болатын қойылым. Америкада арт кино деген болады, оның өзінің клубтары болады, соның ішінде тек қана интеллектілерге арналған, зиялы қауым көп, бірақ соның ішінде тек интеллектуалды адамдарға арналады. Мына спектакль Қарағандыда сондай интеллектуальный көрермен тәрбиелейді деген үмітім бар. Рақмет!

Е. Жуасбеков, өнертану ғылымдарының кандидаты, тетартанушы, драматург, профессор: -Жақсы айттыңыз, Талғат аға. Шын мәнінде өрелі дүниег пікір айту үшін, көрерменде де өре болу керек шығар, біз де өз өремізден жалғастырып көрейік.

Мен өзі ешкімге айтпай, спектакльдерді бірнеше түрге бөлемін. Мысалы, ұзақ спектакль, қысқа спектакль, терең спектакль, саяз спектакль, ойлы спектакль деп. Мен үшін жақсы спектакльдің ең бір жақсысы қызық спектакль деген каталогым бар. Қызық болуы тек қана мені күлдіргенінен не болмаса, жылатқанынан болмайды. Қызық болғаны мен түсінбейтін, мен ілесе алмайтын дүниелер болатын болса, міне қызық, әжептәуір болып жүргенімізде мынандай да дүниелер болады екен ау деп адамды сондай бір күйде қалдыратын дүниелер маған қызық сректакльдер болып көрінеді. Мен бүгін Қарағнады театрының бізге йкеліп ұсынған дүниесін қызық спектакльдеп өзімше анықтадым. Бұл жерлде мен драматургиядан, режиссерліктен, аткердіңктен деп отырған жоқпын, жалпы сіздердің барқытарыңыздың ұмтылғандарыңыз бір дүние, қойылым, деген спектакль деген дүние жасауға сіздер жеткенсіздер дептолық айта аламын. Шыны керек біздер үйрендік қой, дайын, түсінікті, шын мәнінде жақсы адамдар мен жаман адамдардың тартысы бар, бірін бірі сүйетін, бір-бірімен үйленетін не болмаса үйленбей қалатын , үшінші кейіпкер қосылып кететін осындай дүниелерге әбден үйреніп алдық. Басты қатырмайсың, келесің, келген соң сенің алдыңа бір жақсы дайын асты береді алдыңа, батаңды бересің де кетесің. Мұндай дүниелердің қазіргі көрерменнің санасы мен ойына, өресін жетілдіру үшін өажет екенін мен ешқандай жоққа шығармаймын. Бірақ өкінішке қарай біз театрдың басшылары көбінесе біз оған бара бара бермейміз, көрермен келмейді, кім түсінеді, кім көреді дейсің деген қасаң желеу бар, олардың ішінде мен өзім де бармын. Біз қара халықтың жетегінде кетіп бара жатырмыз. Ал кейде сол қара халықтың жетегінде кетпеу де керек сияқты. Шын мәнінде осындай дүниелерді ұсынып, театрға, театр өнеріне, сахна өнеріне бұл не өзі деп жүргендерге көкем-ау, бұл сондай дүние, өмірде бұқаралық өнер деген болады, сонымен қатар осындай жоғары санатты өнер болатынын айтуымыз керек, одан қорықпауымыз керек. Сондықтан, Сансызбай аға, Роза жеңеше, Бек айналайын , мына актерлер Сіздер бізге Қарағанды театрының осындай дүниелерге бара алатынын әкеп көрсеттіңіздер.
Сректакльге келетін болсақ. Жаңа Талғат аға жақсы түсінген, бірақ мен өзім, бұл жерден ешқандай қисын іздеген жоқпын. Біздің, адамынң өмірінің өзі қисынсыз ғой. Біздер шығармаларымызға қисынды адамдардың өмірін аламыз да, қисынсыз адамдар шет қалып қалады. Біз оларға көңіл де блдмейміз. Осы жағынан келгенде, мынау қартайған кезде, біреу елуге келіп, қартаюы мүмкін, біреу алпысқа келіп, біреу жүзге келіп қартаяды, кейбіреулер тіпті отызында қартайып отырады. Ал бірақ қартайтатын не нәрсе, міне осыған Роза апамның айтып отырғаны, адамның жалғыз қалуы, жанында тек сағынышы қалады. Ол кімді сағынып жүр ,әйелін бе, қоғамын ба, баласын ба, келінін бе, үйін бе, машинасын ба, маған осы сияқты дүниелер ана кейіпкерлердің барлығы бірі-бір кішкентай велосипедпен шыққан кезде, бұлар неге олай болып жүр, яғни «қартайғанда бала боласың» деген бір дана сөзі бар қазақтың, ол бір бала болып бұтыңа жіберіп қоясың деген сөз емес, өзіңнің ойың сондай болады. Өйткені сені ешкім түсінлбейді, баланы да түсінбейміз ғой, оның тілін. Мында да солай, сөзіңнің бәрі анық, бірақ сені ешкім түсінбейді. Бәрі қисынсыз, сен де біреудің түсінгенін қаламайсың.Болды, өз өміріңді жасап ал, өлгеніңше солай. Мінеки қисынсыздық және ол қисынсыздықтың қисындылығы осы сияқты. Бұл жерде басын біріктіру, бұл жерден бір сюжет іздеу, бұл жерден бір оқиға талап етудің түкке қажеті жоқ. Қазір мысалы бізді осы фестиваль оқиға ретінде басымызды оқиға ретінде қосып отырса, одан шыққан соң әрқайсымыз өз әлемімізге кіріп кетеміз. Әркімде өз проблемасы бар, біреуде проблема жоқ, тек үйге жетіп алу, үй не немесе барған жеріміз ол біздің ваккум, қоршаған жұмыртқаның қабығындай орта, міне осыған келгенде жанымыз жай табады. Өзімізбен арпалысамыз, анаған айтпағаным-ай, мынаған айтқаным, ананы ырза қылғаным-ай, мынаны риза қылмағаным-ай деген сияқты. Ертең айтамын деген дүниені өмірі айтпайтын жағдайға келдік. Бұл менің арпалысым, мына кейіпкерлер маған солай көрінді. Бұларды қосқан тек қана, жаңа Талғат аға өте акцент жасап кетті ғой, «Шырмауық» әніне, шын мәнінде ол әннің сөзіне емес сияқты, адамда үн, иіс қалады ғой, сол үн, сол иіс кәдімгі мына жүрген тобырдың қазақ екенін білдіріп тұр бізге. Әрине менің спектакль туралы кіпірім осылай қалыптасқанын жасырмаймын.

Сонымен қатар режиссура туралы, Талғат аға сценографиялық шешімін концлагерь деді ғой ол кісі режиссер қиялы жетік кісі, ал маған ол қай жерде ойнап жатса да, өтіп жатса да, басты рөлдегі Динадан басқа және сәл-сәл директорды ойнаған актерден басқалары аздап монотондау болып көрінді, біреклкілеу болып көрінді. Мен сол Роза апа жазған тұғырда, әрқайсысына берілген тексте, әрқайсысына берілген тұжырымды олардың индивидуальность дейміз ғой, әрқайсыларының жеке келбетін, кейпін көре алмадым. Сол велосипедте отырғандардың бәрі бір ырғақпен бір бағытқа қарай жүрсе, екінші бағытқа қарй жүргенін, бір-бірімен соғысып қалғанын, қақтығысып қалғанын күтріп отырдым, шыны керек. Адамдар кішкене бір-бірінен бөлек болуы керек, мұнда автор әрқайсысына толық мүмкіндік беріп отыр. Айтып отырған әрқайсысының ойы да бөлек, неге ең болмаса кеймінен бөлектік іздемеді екен. Ойнап жүрген жаңағы бір актердің анау шашы, анау бойы, атжақты болып келген бет әлпеті сахнаға соншалықты таптырмас тұлға, түр деген соншалықты келіп тұр. Оған режиссерлік тапсырма, міндетті тереңдеу беру керек еді. Ең болмаса, тыңдау, көру, бағалау сәттері бар ғой режиссер де, актер де өздерің білесіңдер, соларды кішкене тереңдетсеңдер болар еді.Олардың әрқайсысының өз трагедиясы бар. Әрқайсысынң өз арманы өзімен бірге жүр ғой, жаңағы сағынышы сияқты. Адамның сағынышы да әр түрлі ғой, оның сахнада берілуі де әртүрлі. Міне осы жағынан режиссерлік, актерлік жұмыспен жетілдіре түссе, жақсы бола түсер еді. Сөз жоқ, Талғат ағаның сөзіне қосыламын, Динаның жақсы актриса екендігіне, бөлекше өмір сүре алатынына, жаңағы жерде екінші актриса бірде қызы, бірде келіні болып ойнайды, әдемі етіп келітреді, анау туалетке қамап қойып, бұл сенің кең жатын бөлмең деп, түсіндіріп жатқаны сондай жағдайда ол актрисаға да риза болдым. Дегенмен, Бек, режиссура жағын әлі де тереңдете түссе, бояуын қанықтыра түссе деген ойым бар, сонда спектакль жақсы болған үстіне жақсы бола түсер еді.

Нина Алексеевна Шалимова, театроваед, доктор искусствоведения, профессор Российского института театрального искусства –ГИТИС, историк театра и театральный критик:

-Сегодняшнее утро - утро открытий. Во первых замечательного драматурга Розы Мукановой, ранее мне не знакомой. Создать драму в жанре это очень смелый драматургический ход и очень опасный. Поскольку здесь очень легко сбиться на смакований жесткости, очень легко сбиться на патологии, и очень легко оказаться в ситуации подражателя европейскому абсурду. Драматург Роза Муканова сбегнула всех этих опасностей. Более того она предложила нам, абсурд, я бы сказала, глубоко казахский. Абсурд европейский он чрезвычайно рационалистичен, он жесток и жесток. Он интелектуален и в нем есть моменит готовый философией льстящий зрителю или читателю. Вот если ты это понимаешь то ты молодец. А если ты этого не принимаешь или не хочешь принимать то ты отстой. Вот такая селекция идет. Если ты признаешь мою драму ты гениальной то ты замечатеоьный зритель, который все понимает в искусстве. А если не признаешь то ты отстой, не достоиный значит высокого искусства. Казахский абсурд не имеет этого интелектуального высокомерия но оказывается глубоко сердечной. И призрастающим из глубины человеческого сердца и это драма убеждает в правомерности этого направления в казахском театральном искусстве. Это первое открытие.

Может быть не до конца прописан образ сына –зятя, может быть он не до конца прописан, потому что дочь выписана очень хорошо. А сын оказался несколько вне определенного склада личности. Я бы сказала так. Но актер исполняющий эту роль Амандыков очень корректно, точно и умно пристствует. Если я правильно поняла он младший брат. И его дело вторить сестре и держаться на уважительной дистанции от матери. Вот если все я правильно поняла и увидела в этом спектакле.

Когда после спектакля ты понимаешь какая хорошая пьеса, это значит перед нами очень хорошая режиссура. И второе открытие которое произошло сегодня это высококлассная режиссура Бекмухамеда Киекбаева. Высококлассная режиссура. К сожалению у самонадеянных и не владеющим действием молодых выпускников режиссерского факультета складывается нередко ошибочное впечатление что режиссура это фонарь сюда, фонарь туда. Между тем как режиссура, во первых это чувствование автора его художественной логики. Зерна пьесы, зерна авторской индивидуальности.

А во вторых, это умение провести актера сквозь художественную логику пьесы. Тоест вот это встреча глубочайших режиссерских интуиций который делает режиссера режиссером это чувства автора и чувства актера.

Я лучше многих режиссеров могу обьяснить актеру существо пьесы я чувствую драматургию и я ее очень люблю. Кроме того я не обладаю никакими амбициями о создании драматического прозведения я стараюсь проникнуть в чужой замысел.И проникнутб не только мозгами (а сколько их у меня не важно)а проинтуичить, попасть интуицией. И вот к сожалению сейчас это качество режиссера постичь, уловить, схватить зерно автора большей частью находиться в забвении.Множество режиссеров умеют сочинить спектакль прверх автора, перпендикулярна по отношению к автору, как говорят, вообще вне автора, мимо автора. Здесь мы видим глубочайшее проникновение в зерно пьесы, в зерно авторского замысла. И это класс режиссуры. Это во первых. А во второе, как я уже сказала, могу обьяснить пьесу, но не могу сделать так чтобы актер это сыграл органично, умно, обаятельно и заразительно, это может сделать только режиссер. Здесь тайна режиссуры в принципе. И вот высококласность режиссуры Киекбаева определяется вот этим. Как он погрузил актеров а предлагаемое обстоятельство пьесы и как он их задействовал их в том чтобы они в этих предлагаемыз обстоятельствах жили, мыслили и выражали это действенно. Меня восхитило отсутствие какой бы то ни было спекуляции. Стремление надавить на слезные железы зрителя, стремление сыграть на чувствительности, стремление зацепить недозволенными средствами провакативными и анти художественными в своей основе. В каждой данный момент действия режиссер остается в пределах подлинного художества. Это очень важно. И делает он это через актеров. Притом что изобразительно художественное, пространственное решение спектакля я бы назвала прежде всего театрально остроумным.Вот эти гибкие ткани, не знаю как они называются, ткани из которых созданы костюмы - одежды персонажей изумительная догадка, рекшение, вот эти детские пенетки на действующих лицах и свободные рубахи которые дают актерам возможность существовать абсолютно свободно и вместе с тем не ослепительно белый тон а слегка тонированныйчто очень важно. И конечно вот это гибкая материя занавеса и той дорожки по которой проходит свой путь, путь в свою психику, путь в свое подсознание Апа главная героиня Асыл и который корреспондриует занаыесои и из детской пеленки превращается а погребальный саван - это с театральной точки зрения очень остроумно, а с художественной очень многозначно, очень обьемно в художественном отношении. Такая простая мизансцена, закутали социально опасную бабушку, действительно газ, электричество, с балкона можно полететь, закутали и нет другого способа оказаться в ее внутреннем мире как самой оказаться закутанным в этот саван заживо погрести себя вместе с матерью, это очень сильная мизансцена и другого пути нет. Ничего не можешь сделать, то хотя бы страдай. Простая, точная и глубоко человечная и верная мысль. Вот второе открытие как я уже сказала это высококлассная режиссура Б. Киекбаева.

И наконец третье открытие это блестательная актриса –Дина Заитова. В старину таких называли первыми сюжетами, на них драматурги писали роли. Александр Николаевич Островский все свои большие, крупные создания и мужских ролей и женских ролей писал под обоянием какого либо большого актерского таланта. Вот если бы я была драматургом я бы аисада только на Дину.

Место дейстия дом скорби. Пространства действия прихика человека выпавшего из социума.Когда я услышала никто никогда не постареет, вот это тот призыв сректакля который достает до самой глубины души и достает благодаря в первую очередь актрисе Заитовой. Раскрыть извивы психики замкнутой в самой себе, вот как она это делает я не знаю, какова тут психотехника,какова ее мастерство я не знаю, и никто не знает, потому что тут тайна актерство, тайна театров, тайна искусство а принципе вообще. Мы таких людей называем «овощь» я не называю, но как то так укрепилась в социуме.Что такое страдающий овощь, что такое отказ от вычеркивание человека из человеческого сообщества. Через раскрытия невероятно богатого внутренного мира, причем актриса очень точна, я бы сказала она суха и подобрана в создании внутренного рисунка роли. То тайнственное полу улыбка, (елки-палки), египетский сфинкс, то неожиданная такая одухотворенная надменность, тотревожное вопрошание, то отказ от общения, то стремление понять многочисленные извилы внутренней жизни, глаз нельзя оторвать, просто нельзя оторвать. Я должна сказать что у актрисы, замечательный, достойный партнер, потому что оказаться на высоте такого актерского художества в нем очень подкупает равновесие, мера, грация в передаче страданий.

Честно говоря, мне так надоело в театре где темпарамент бедрами на пол, мимо партнера, ооо, ненавижу это, я это называю где не до танцую, там до улыбаюсь. Вот здесь до танцовано под внутренней линией абсолютно все, я не могу наметить ни одного простоя, ни одного промаха, ни одного бездейственного момента, это конечно ювелирная работа, который без понимающей, вменяемой, внятной режиссуры просто невозможно. И я не могу не отметить, как будто актриса находиться в таких бережных режиссерских ладонях, который ее проводит через весь спектакль. Так вот что она сделала, да ничего, взяла так сердце зрителя подержала и отпустила, а больше она ничего не сделала, такое впечатление, это конечно замечательная работа, высочайшего уровня.

А начало, когда драматургу не хочется общаться с директором, но иного способа, донести свою весть о человеке у него нет, он должен общаться, поэтому он отварачивается, поэтому он говорит неохотно. Надо сказать,что вот этот его выпад «Вы конечно знаете, дом который расположен за городом» и человек крутящий колесо велосипеда, мы еще не знаем что он директор, мы только понимаем чтобы это история состялось, драматург зависит от него, как будто бы споткнулся на этой фразе, то ли у него у самого родители там, то ли еше что то, он оказался вышиблен из своего довольствия, и само довольства. И тогда попробовал это поставить. Но тут возникает одно но с которым я не очень согласна.Дело в том что вот режиссер спектакля не знаю разделяет ли он взгляд драматурга Розы Мукановой или это его личный посыл человеческий художественный, он делает этого человека не безнадежным, а я никак не могу с этим согласиться.

Человек который отверг такую пьесу, человек который отверг такую историю, отверг человеческую судьбу, несколько раз звучит это слово, он конечно не человек он андроид, он мангурт и жалеть тут нечего, а пытаться в нем найти что то человеческое на мой взгляд вполне бесполезная задача. Я бы предпочла чтобы мы его через этот отказ возненавидели, здесь решено очень точно он хочет сбросить с себя то страдание, через которую драматург протащил своей пьесой. Я понимаю эту задачу, но я то ли более жестокая, то ли более трезвая чем режиссер я не верю в человечность этих андроидов в которых среди нас все больше, они старадют собственной полноценности, а все остальные для них человеческий мусор.и Такие люди стремятся сегрдня править балом. Они воюют за душу людей, за сознание молодых и они мои враги.

И я в директоре увидела такого врага. Я прошу прощения у всех директоров которые здесь находится.

Дольше живешь, больше хоронишь.

Я к тому что конечно никто никогда не постареет, но старость неизбежно.

Спектакль обращен к тем еще имеющим силы чтобы ходит в театр. Быть внимательным.Есть что то в этой жизни с чем человек не может справиться не может найти достойного выхода. Здесь что то античное, и это может коснуться тебя и всех, и неизвестно как все обернется. И вот это я бы сказал бесстаршное и мужестенное решение.проблемы человечности и пафос человечности спектакль делает его очень важным событием не только в критической моей жизни, но в человеческой жизни, за что я говорю всем участникам спектакля СПАСИБО!

Анар Еркебай, театр сыншысы, өнер ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ мұлттық өнер академиясының доценті, Халықаралық сыншылар ассоциациясының мүшесі:

– Барлық ораторлар өте жақсы айтып кетті. Дегенмен де мен де өзімнің ойымды айтайын. Шынымен де осы абсурд жанры Европада, шетелде кешегі уақыт ол өтіп кетті.Драматургияда болсын, театрдаболсын бұл жанрға оралмайды.Бізге абсурд жанры енді келіп жатыр және бұлдабіздің санамызбенен осы елде жалпы қоғамдағы жағдайлармен тікелей байланысты. Өйткені және аға да айтып жатқандай біздің өміріміздің өзі қазір абсурд болып кетті. Шынымен бірге сағыныш, бір түсініксіз мына өмірдің бір жағдайлары сонымен бірге іштегі қанағатсыздық барлығымыздың бойымызда бар. Не үшін болып жатыр? Не үшін бара жатырмын? Әйтеуір бәрібір қазіргі күйбен тіршілікпенен бұл сұрақтарды біз өзімізге күнделікті қоймасақ та бірақ анда-санда тоқтай қалып, «Не үшін осының барлығы? Бұл маған керек пе?»деген сұрақтарды өзімізге қойып отырамыз. Енді есіментүсіп жатқаны кешегі орыс театрының спектаклінде осыдан бір ғасыр бұрын жазылып кеткен Горкийдің шығармасы отбасы туралы бұл осы бүгінгі пьесада өзінің жалғасын тауып отыр. Кеше айтып кеткендей қорқынышты біз бүгін тағы да сездік. Сол отбасындағы жағдайлар біз қандай жол бізде жоқ біздің менталитетімізге жат нәрсе. Біз мұндайды білмейміз, көрмейміз, естімейміз, естігіміз келмейді деп страус секілді басымызды құмға тықсақ та бәрібір басымыз құмда болса да, артымыз ашылып тұрады. Бәрі де бізде бар екеніне біз көзімізді жеткізіп келеміз ақырын-ақырын. Осы жағдайлардың әке мен баланың, ана мен қыздың арасындағы мәселелер бұл әрқашанда болған мәселелер. Осының барлығын иә абсурдтық әңгімелеу, абсурдтық түсіндіру арқылы бұнын барлығы пьесада өте әдемі жазылған. Онын барлығын режиссердің арқасында біз сахнадан толыққанды көріп отырмыз. Адамның қандай картайғысы келмесе де, көкірегіміз қартаймаса да, жанымыз қартаймаса да, денеміз қартаяды.Физикалық жағынан қартаямыз Қандай жағынан болмасын адам өзін жас көреді, өзін баладай көреді. Сол велосипедті де ойша, физикалық тұрғыда теппесе де, ойша тебуі, мұның барлығын режиссердің көлеңкелі театр тәрізді артынан өткізуі, өйткені қандай жасқа келмесек те, біз көзімізді жұмсақ, өзімізді жас сезінеміз.Бәрібір де сол велосипедті көрмесек те, басқа нәрселерді көріп отрыамыз, осының бәрін режиссер әдемі әдіспен шығарып отыр. Дәл сондай-ақ бұл жерде метафоралық теңеудің керемет ойналғанын көруге, сезуге болады. Басты кейіпкер апаның балконда жатқан ет бұзылып кете ме деп сонымен өзін салыстыруы балаларының да уайымдаған оған «Балконда ешнәрсе бұзылмайды, сіз де бұзылмайсыз» деген сөздерінің өзі қандай қорқынышты. Ақырында сауысқандар шұқып кетті, орамалымын жұлып алып кетті деп алаңдауы бұны қаншалықты жоқ десек те,бұл бар нәрсе, шынымен де. Ана қызының анасын жұбатып отырып, созылмалы матаны ойнатып отырып, ол басында жол болып, артынан оның өзіне кеібн болып оралғаны, одан соң оның қызының өзіне жөргек болып оралған бұл режиссура жағынан өте әдемі келтірілген. Сценографиясы да, сахнаның пластикалық шешімі де өте оңтайлы табылған, актерлердің киімі де шынымен де бұл қай уақыт, қай кеңістікте блып жатқаны белгісіз. Бірақ тақырып ортақ болғандықтан бұл бәрімізге жақын жайт. Осының барлығы әдемі үйлестірілген. Бір айтарым режиссер жағынан кішкене басында бірсарындылық монотонность бабайқалып тұрды.темп ритмді кейбір сахналарда жоғалыт алған кездері болды.Сонымен бірге қытай таяқшаларымен тамақ ішетін сәт бар ғой, сол тым ұзақ болып көрінгендей.Сонымен бірге сол бірқалыпты қимылмен екі-үш минутқа созылып кетті, сәл жалықтырғандай болды. Анасы шырылдап жатқанда қиқылдатып, шиқылдатып анасының жүйкесін тоздырғанына өздері мән бермейді. Бұл олардың күнделікті жасап жүрген тірліктері.

Осындай нәрселердің бәрі кішкентай-кішкентай детальдармен өте әдемі жеткізілген.Бұл жерде жаңа айтылғандай ең соңында әннің қолданылуы өте орынды болды, жоқтау сынды болып шықты деп. Менің өз ойым, маған керісінше жоқтатпайтын керек еді, жалпы біз қазақ халқы осындай трагедияны жақсы көреміз. Бұл жерде менің ойымша апаның өмірі трагедия, бірақ бұл абсурд қой, сондықтан да осы абсурд жанрын сақтап, қойылымның аяғын трагедиямен емес, абсурдпен аяқтағанда дұрыс болар еді.

Иә, мен де Д. Заитова туралы көп естуім бар, ойынын бірінші рет көріп отырмын. Сондықтан да өзім үшін өте тамаша актрисаны аштым. Сіздерге үлкен рақмет, алда табыстар тілеймін.

YII Халықаралық «Самғау» театрлар фестивалі.

Нүрсұлтан қаласы -2019 жыл.

PHOTO 2018 12 14 14 44 49PHOTO 2018 12 14 14 44 49

Сербия Белград 2013г.

Гастроли в Алмате