Театр туралы ақпарат

Карагандинский областной казахский драматический театр работает с 1932 года. В 1964 году театру присвоено имя известного казахского литератора Сакена Сейфуллина. В каздрамтеатре не раз ставились пьесы Мухтара Ауэзова, Габита Мусрепова, и других видных казахских драматургов.

С помощью их профессионализма на сцене осуществлены произведения отечественной и зарубежной драматургии: М. Ауезова, К. Аманжолова, Т. Ахтанова, С. Балгабаева, К. Бекхожина, С. Жунисова, Иран-Гайыпа, Д. Исабекова,  Б. Майлина, С. Муканова и т.д.

Толығырақ...

Театр мақтанышы

Театрдың негізгі күші актерлер. Қарағанды театрының актерлер ансамблі қай кезеңде болмасын талантымен ерекшеленеді. Біздің театрда қанаттанған театр өнерінің асқақ шынарлары Қазақстанның халық артистері Рахия Қойшыбаева, Әйкен Мұсабекова, Қарағандыбай Сатаев, Әсия Абылаева, Жұмабай Медетбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген артистері М.Әбдікарімов, Ә.Шәймерденов, А.Ыбыраев, Т.Жабаев, Б.Имашева, З.Көшкінбаев, З.Жакупов, Қ.Әлімбаева, Ө.Асылбеков, Т.Қосыбаева, Р.Баймағанбетов, Қ.Әмір-Темір, Ш.Жүнісов, Р.Омарханова және талантты актер, іздемпаз кино режиссері Амангелді Тәжібаевтар қазақ өнерінің қайталанбас жамбоздары.

Толығырақ...

Театр басшылығы

director2

Қазақ халқының рухани байлығының бір саласы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 1932 жылы шаңырағын көтерді. Осы жылдар ішінде әлем, Батыс, орыс, қазақ классикалық шығармалармен бірге заманауи тақырыбына жазылған драматургиялық шығарамаларды жарыққа шығарды. Еврипид, Шекспир, Шиллер, А.Островский, Н.Гоголь, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтардың өміршең драмалары театр актерларының шеберлігінің арқасында көрермендермен қауышты.  

Толығырақ...

Театр жетістіктері

1962 жылы театр коллективі өнегелі өнер ордасы екенін танытып, Алматыда өткен он күндікте Ж Шашкина Қазақ ССР-нің халық артисі атағына ие болды, А.Ыбыраев, Қ.Әлімбаева, Ө.Асылбековтерге республикаға еңбек сіңірген артисі атағы берілді. Осы үрдіс 1975-1986 жылдары қайталанып театр шығармашылығының өресі биік екендігін тағыда танытты.

1968 жылы жас таланттардың бүкілодақтық байқауында Ш.Айтыматовтың «Алғашқы мұғалім» (реж. М.Қамбаров, суретшісі Л.Федоров) спектаклі Қызыл туға ие болса, Алтынай ролін сомдаған арт. Ә.Абылаева бірінші дәрежелі дипломымен марапатталып Германияға баруға жолдама алды.

1979 жылы С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» спектаклі (реж. Қ.Сатаев, суретшісі М.Бәйкенов) КСРО мәдениет министірлігінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Подробнее...

Жуырда сахнада

Премьера!

К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы

Режиссері-С.Жұмағали

Қоюшы суретші-Ұ.Несіпбай

Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина

Драматург К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады. Өңгенің алдауы мен арбауына, азғыруына иланған қазақтың қаршадай қыздары мен жігіттері, «байимын, машина, үй сатып аламын» деп жүріп, жауыздардың қақпанына, қанды шеңгеліне қалай түскенін білмей, тығырықтан шығатын жол іздеп аласұрады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсайды. Оларды алда қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, жалған діни ағымның әр түрлі қатыгездігі күтіп тұрғанын кеш аңдайды. Бірақ, шегінерге жол жоқты. Олар өлтірмей кері қайтармайды. Міне, шығарманың өзегі – адаспас үшін он ойланып жүз толғану керектігін еске салады, адаспауға үндейді. Драма қалың көпшілікке арналған.

Премьера қазанның 17-18 аралығында болады.

Басталуы сағ: 17.00 де

Келіңіздер, Көріңіздер!

Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97

Премьера!

Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» драмасы

Режиссері-Д.Еспаев

Қоюшы суретші-Т.Аккерт

Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина

Бұл пьеса-қазіргі заманғы адамдардың шынайы шындыққа жанасқан адами болмысы, өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, махаббат пен сатқындық жайында болмақ. Пьеса кейіпкерлері-өз өмірлерін туғандарымен жақындарына ғана арнап, өмір қиыншылықтарын көп көрген, алайда өмірге деген құлшыныстарын жоғалтпаған Зейнеп пен Айтөре туралы. Кездейсоқ жолыққан екі қарт жандар, қартайған шағында кездесіп қалады. Әрқайсысы қиыншылық тауқыметін көп көрген тағдырлас жандар, бір-бірінің жан дүниесін түсініп, жақындықты сезінеді. Бірақ, өкінішке орай екеуінің кездесуі-әттең кеш еді!

Премьера қазанның 30-31 аралығында болады.

Басталуы сағ: 18.30, 17.00 де

Келіңіздер, Көріңіздер!

Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97