"Халықтар Достығы" Орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасына - "Еңлік-Кебек" қайта оралды. Ұлы классик жазушы М.Әуезовтың құдіретті қаламынан туған трагедиялық шығарма рулық айтыс-тартыстың құрбаны болған екі жастың махаббаты туралы. Қоюшы Режиссер ҚР Мәдениет қайраткері Сламбек Жұмағали. Басты рольдерде негізінен театрдың жас буын артистері ойнады, 30.10.2019 күнгі спектакль Премьерасында Кебек - А.Жұмамұратов, Есен - Н.Есей, Еңлік - Б.Жагыпарова, Жапал - Т.Камза және билер сахнасында орта буын мен аға буын өкілдері өнер көрсетті. Аталған қойылымда зал толы жас көрермен дуылдата қол соқты. Бүгін 31.10.2019 сағат 18-30да Премьераның екінші күні. К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында.

Сүйінші ҚР Үкіметінің 25ші қазандағы номері 10733//800 қаулысымен Халықтар Достығы Орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрына
"Академиялық" театр мәртебесі берілді.

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ. ПРЕМЬЕРА!

Толығырақ...

М.Әуезов «Еңлік-Кебек»

30-31 қазан Қарағанды қаласы

сағ. 18.30 К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында

СӘКЕН ТЕАТРЫ --АЛМАТЫДА

Толығырақ...

24 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы академиялық мемлекеттік театрдың үлкен сахнасында Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ару Алматыдағы гастролі аншлагпен басталды. Сәкен театры гастролдік күндерінің ашылуында Қазақстанның халық артисі, профессор Е. Обаев, пьеса авторы Ж. Әлмашұлы, Сәкен театрының басшысы әрі көркемдік жетекшісі С. Бекболатов құттықтау сөз сөйледі.

Бұл күндері Астана қаласында Халықаралық Vll Samgau театр фестивалі өтіп жатыр. Кеше Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалы драма театрының саxнасында С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры жазушы-драматург Роза Мұқанованың "Ешкім де кінәлі емес" драма-абсурдын фестиваль сарапшыларының назарына ұмынды.

Сәкен театры Павлодарға аттанды

Толығырақ...

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы жеңістің 74 жылдығы мен қазақтың қаhарман ұлы, әуені бағындырған ұшқыш-батыр Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына арналып қойылған "Қыран қазақ" қойылымының премьерасы жақында ғана Қарағандыда өте табысты өткен болатын.

Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын жастарымыздың бойына патриоттық сезім ұялататын батырлық туралы баяндаған спектакльді қуана, қол соғып көрген Облыс әкімі Е. Ж. Қошановтан бастап, барша көрермен Сәкен театрының шығармашылық ұжымына алғыс айтты.

ПРЕМЬЕРА: «ҚАЗАҚ ҚЫРАНЫ»

Толығырақ...

Биыл 2-ші Дүниежүзілік соғыста асқан ерлік көрсетіп, жауға қырғидай тиген жерлесіміз Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толады.

Көкке самғаған қазақ қыраны, жауға оқ боп, атылып қырғи болып тиді.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры» КМҚК

Толығырақ...

Ғасырлар бойына ата-бабаларымыз аңсап өткен, қасиетті Тәуелсіздікке қолымызды жеткізген, Қазақ дегенелді әлемге танытқан құрметті Елбасымыз- ҚРТүңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешімін көңіліміз толқи тұрып, жүрегіміз дүрсілдей отырып қабылдадық. Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлының 2019 жылдың 19 наурызы күнгі тарихи шешімі өзінің онсыз да асқақ беделін, Тәуелсіз еліміздің де халықаралық биік беделін тағы бір белеске көтеріп кеткені айдан анық.

КӨКТЕ, КӨКТЕМ, ӘЗ-НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА!

Толығырақ...

Адамзат баласы ғана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп әз-Наурыз да жетті.

СӘКЕН ТЕАТРЫ ТЕМІРТАУДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Толығырақ...

14 наурыз Теміртау қаласы

Металлургтардың мәдениет сарайы

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры металлургтер қаласы - Теміртау көрермендеріне екі бірдей жаңа қойылымын алып барды. Жазушы-драматург Б. Бекжановтың «Жеті лақ» ертегісі мен К. Жұмабековтің «Көмекей әулие» тарихи драмасын теміртаулық көрермендер ыстық ықыласпен қабылдап, артистерге қызу қошемет көрсетті.