Сәкен театрында жаңа басшы

Толығырақ...

11 09 2020 2Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакеновтің бұйрығымен С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрына басшылыққа Қалымов Құрман Өмірбекұлы тағайындалды.

Бекболатов Сансызбай Нұрсияұлы

Толығырақ...

PHOTO 2020 04 20 10 04 16Бекболатов Сансызбай Нурсияевич 1955 жылы туған. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітірді. 1973-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде оқып, СССР халық халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева, Әшірбек Сығаев, Демеш Арынғазиевадан шеберлерден дәріс алған. Шығармашылық өнер жолын 1977 жылдан С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастады. Талантты актер Сахнада К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» - Труфольдино, М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» - Жапал, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» - Ақжігіт, А.Бек «Волокам тас жолы» - Заев, Н.Гогольдің «Үйлену»- Подколесин образдары арқылы өзінің сан қырлы талант иесі екенін танытты.

30-03-2020

"СӘЛЕМ, МАМА, БҰЛ-МЕН!" Премьера

Толығырақ...

Қыз-келіншектердің көктемгі жарқын мерекесі қарсаңында Арқаның ақсарайы - Сәкен театры көрерменіне осындай бір тәрбиелік мәні бар, әр адамды ойға қалдырар көркем қойылыммен сыйлық жасады.

Сәкен театрында «Жас Абай» спектаклінің премьерасы өтті

Толығырақ...

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында 4-5 наурыз күндері Абай жылына арналған " Жас Абай" қойылымы көрерменмен қауышты.

Артистері Қарғаш Сатаев пен Әсия Абылаеваға арналған мүйіс ашылды.

Толығырақ...

Алғыс күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының мұражайындағы Артистер аллеясында ҚР халық артистері Қарғаш Сатаев пен Әсия Абылаеваға арналған мүйіс ашылды.

"ЖАС АБАЙ" ШАҚЫРАДЫ

Толығырақ...

3-наурыз С. Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Абайдың туғанына 175 жыл толатын мерейтойға арналған " Жас Абай" жаңа спектаклін көркемдік кеңеске тапсырды.

"Халықтар Достығы" Орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасына - "Еңлік-Кебек" қайта оралды. Ұлы классик жазушы М.Әуезовтың құдіретті қаламынан туған трагедиялық шығарма рулық айтыс-тартыстың құрбаны болған екі жастың махаббаты туралы. Қоюшы Режиссер ҚР Мәдениет қайраткері Сламбек Жұмағали. Басты рольдерде негізінен театрдың жас буын артистері ойнады, 30.10.2019 күнгі спектакль Премьерасында Кебек - А.Жұмамұратов, Есен - Н.Есей, Еңлік - Б.Жагыпарова, Жапал - Т.Камза және билер сахнасында орта буын мен аға буын өкілдері өнер көрсетті. Аталған қойылымда зал толы жас көрермен дуылдата қол соқты. Бүгін 31.10.2019 сағат 18-30да Премьераның екінші күні. К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында.

Сүйінші ҚР Үкіметінің 25ші қазандағы номері 10733//800 қаулысымен Халықтар Достығы Орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрына
"Академиялық" театр мәртебесі берілді.

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ. ПРЕМЬЕРА!

Толығырақ...

М.Әуезов «Еңлік-Кебек»

30-31 қазан Қарағанды қаласы

сағ. 18.30 К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында