Театр жетістіктері

1962 жылы театр коллективі өнегелі өнер ордасы екенін танытып, Алматыда өткен он күндікте Ж Шашкина Қазақ ССР-нің халық артисі атағына ие болды, А.Ыбыраев, Қ.Әлімбаева, Ө.Асылбековтерге республикаға еңбек сіңірген артисі атағы берілді. Осы үрдіс 1975-1986 жылдары қайталанып театр шығармашылығының өресі биік екендігін тағыда танытты.

1968 жылы жас таланттардың бүкілодақтық байқауында Ш.Айтыматовтың «Алғашқы мұғалім» (реж. М.Қамбаров, суретшісі Л.Федоров) спектаклі Қызыл туға ие болса, Алтынай ролін сомдаған арт. Ә.Абылаева бірінші дәрежелі дипломымен марапатталып Германияға баруға жолдама алды.

1979 жылы С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» спектаклі (реж. Қ.Сатаев, суретшісі М.Бәйкенов) КСРО мәдениет министірлігінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

1982 жылы театр еңбегі жоғары бағаланып, 50 жылдығына орай Халықтар Достығы орденімен марапатталды. 

1985 жылы Петропавл қаласындағы аймақтық фестивальде С.Н.Бекболатов  А.Бектің «Волоколамск тас жолы» спектакліндегі Петр Заев рөлі үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды .

1986 жылы С. Жүнісовтың «Өліара» (реж. Е.Тәпенов, суретшісі М.Мақсұтов, актерлері К.Жұмабеков, С.Қажымұратов) спектаклі Қазақ ССР Мемлекттік сыйлығына ие болды.

1995 жылы Ұлы Абайдың мерейтойында К. Жұмабековтың “Замана неткен тар едің” спектаклімен (режиссеры Ә. Оразбеков, суретшісі М. Мақсұтов) республикалық фестивальге қатысып Абай рөлі үшін таетр ” номинациясын жеңіп алды.

1996 жылы Ж. Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық фестивальде Ә. Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” спектаклі жүлдел ІІ- орынды жеңіп алды.

1997 жылы М. Әуезовтың 100 жылдығына арналып Алматыда өткен Халықаралық фестивальде театр ұжымы М. Әуезовтың “Қорғансыздың күні” спектаклі (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІ- орынды жеңіп алды.

1998 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театр фестивалінде Ш. Айтматовтың “Әділет азабы” спектаклі (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі  Қ. Мақсұтов) театр артисі М. Қисықов “Ең үздік эпизодтық ерлер рөлі үшін” номинациясын жеңіп алды.

1999 жылы республикалық театр фестивалінде театр ұжымы  Г. Гориннің “Атың шықпаса” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) Бас Жүлде – Гран При жеңіп алды.

2000 жылы Павлодар қаласында И. Байзақовтың 100 жылдығына арналған театр фестивалінде М. Ғаппаров, Ғ. Ғаппарованың “Қиямет қайым Киото” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі  І-орынды жеңіп алды.

2000 жылы Мысырда (Каир) өткен экспериментальдық Халықаралық фестивальде Египет мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесіне ие болды.

2001 жылы Қызылжар қаласында өткен республикалық фестивальде Ш. Мұртазаның “Домалақ ана” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

2004 жылы Қостанай қаласында өткен кезекті театр фестивалінде театр ұжымы Е. Разумовскаяның “Медея” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алды.

2006 жылы Астана қаласында өткен республикалық фестивальде Ш. Айтматовтың “Ана – Жер Ана” спектакльімен (реж.  Ә. Оразбеков,  сур. Қ. Мақсұтов) “тарихи тақырыпты игергені үшін” номинациясы бойынша жүлдені жеңіп алды.

2009 жылы ХVII Республикалық театрлар фестивалінде М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы үшін Гран приді жеңіп алды. 

Театрдың 75 жылдығы 2007 жылдың  29 мамырында өткізілді.

2007  Беларусь Республикасы, Минск қаласы ІІІ  Халықаралық театр фестивалі Ш. Мұртазаның «Домалак Ана» спектаклімен қатысты.

2009 Түркия қаласы, Трабзон қаласы Халыкаралық театр фестивалі Ш. Мұртазаның «Домалақ Ана» спектаклімен қатысты.

2010 Египет Араб Республикасы, Кайр қаласында 23 Халықаралық эксперименталдік театр фестивалінде Халықаралық сапа сертификатына ие болды.

2011 Украина, Крым қаласында «Театр. Чехов. Ялта» Халықаралық фестиваліне қатысып  «За яркое воплощение легенды и мифа» номинациясын жеңіп алды.

2012 ж. 1 қарашада С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 80 жылдық мерейтойы тойланды.

2013 ж. 4-8 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласы «Монокль» фестиваліне У.Шекспирдің «Ричард III» моноспектаклімен театр актері Б.Киекбаев барып қайтты.

2013 ж. 7-13 наурыз аралығында Сербия Республикасы Белград қаласындағы  Халықаралық фестиваль «Славия-2013» театрға 9 наурыз күні фестиваль шымылдығын М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен ашуға мүмкіндік алып, «Кіші Дон Кихот» марапатына ие болды. 

ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Францияның Париж және Германияның Страсбург калаларында өткен ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына және Узеир Гаджибековтың «Аршин мал алан» опереттасының 100 жылдығына орай мерекелік шараға төрт мемлекет Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан қатысты. Қазақстаннан С.Сефуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры ҚР мәдениет қайраткері С.Н. Бекболатов қойылымдағы Сұлтанбектің рөлін сомдап, өнер көрсетіп қайтты.

2013 жылдың 23-28 қыркүйек  аралығында Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған XXI  Республикалық драма фестиваліне сахналық фантазия «Қыз Жібек» лиро-эпосы спектаклімен (режиссері Д.Жұмабева) қатысып, театр артисі Д.Заитова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды. 

2014 жылдың 03-14 мамыр аралығында Түркия Республикасының Кония қаласында өткен «МЫҢ ТЫНЫС, БІР ҮН» атты Халықаралық театрлар фестиваліне С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ұжымы, Д.Еспаевтың «Келеміз.Кетеміз.Өлеміз.Өтеміз» қойылымымен қатысты. Қатысқан 10 театрдың ішінде үздік қойылымдардың қатарына енді. Фестиваль қорытындысы  2016 жылы белгілі болады, сондай – ақ әрбір қатысқан артистер Турксой грамоталарына ие болды.

«Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында» жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» аймақтық театр фестивалі 15-18 мамыр аралығында өтті. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры М.Кәрімнің  «Ай тұтылған түн» спектаклімен қатысты. Белсенді қатысқаны үшін Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты мен «Эпикалық ауқым номинациясы» бойынша диплом, сонымен қатар «Үздік әйел рөлі үшін» номинациясына бас кейіпкер - Таңқабике ролін сомдағаны үшін, артист Б.Аукешова марапатталды.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы Татарстан Республикасы Қазан қаласында 2014 жылдың 15-21 қыркүйегі аралығында өткен К.Тинчурин атындағы ұлттық драматургияның VII Халықаралық Театрлар фестиваліне М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен қатысып қайтты. 

Сәкен театры ұжымы 2014 жылдың қараша айының 10-12 жұлдызы аралығында Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады»атты актер өнеріне арналған I Халықаралық театрлар фестиваліне У.Шекспирдің «Король Лир» қойылымымен қатысып, театр артисі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Кеңес Жұмабеков «Актер өнеріне қосқан үлесі» номинациясымен Король Лир ролін шебер орындағаны үшін марапатталды.