Премьера

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 21 қыркүйек күні «Қаздауысты Қазыбек би» атты тарихи –драманың премьерасымен 86-шы маусымын ашты.

Бүгінгі жас ұрпақ –еліміздің ертеңгі болашағының тарихи санасының жаңғыруы- өткенімізді зерттеп, болашағымызды бағамдаудан басталады. Қаздауысты Қазыбек бидей дана тұлғаның 350 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры  Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург К. Жұмабековтың «Қаздауысты Қазыбек би» тарихи драмасын сахналады.

Тарихи драма шынайы деректерге сүйеніп жазылған. Ел билеген хандар алдында мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта ақыл - кеңестер беріп отырған Қазыбек бидің қалыптасу жолы, қалмақ қоңтайшысын сөзбен жеңетін тарихи тұстары қойылымда сәтті көрініс тапқан. 

Сахна ашылғанда алдымен Қазыбек бабаның келісті келбеті көз алдыңызда тұра қалады, ар жақтан қуатты дауыс естіліп, төрде ортасы биік болып келген көпірді көресіз. Оқиғаның бәрі хан мен қараның ортасын жалғастырған осы көпір мен оның айналасында өтеді. Сүбелі  жаңа қойылымға аға буын өкілдерімен қатар, негізінен театрдың жас актерлері жұмылдырылыпты. Қоюшы-режиссер Қ. Қасымов пен суретші Е.Тұяқовтың режиссерлік шешімдері мен суретшілік ой-қиялы асқан шеберлікпен үйлесім тапқан. Спектакльдің музыкамен көркемделуі де әр сахнаның сипатын ашып, ажарландырып тұр. Актерлердің Ғ. Бердембетов- Қазыбек би, М.Садықанов М.-Келдібек би, М.Шәкенов- Барақ сұлтан, Б. Сүлейменов – Бертіс хан , Р. Қошжанов-қоңтайшы ойындарына зал толы көрермен қошеметпен қол соқты. Сәкен театрының жаңа маусымы осылайша рухани өрісін өсіріп, рухын жаңғыртатын қарашаңырақ пен оның киелі сахнасын сағынғанын  аңғартты.

Бүгін 22 қыркүйек күні де Сәкен театрының сахнасында «Қаздауысты Қазыбек би» драмасы өз көрерменін күтеді.

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1

22 09 2017 1