...

EXPO-2017 xалықаралық көрмесінің аясында Астанада өтіп жатқан Қарағанды облысының күндеріне орай С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының өткізген шаралары. 

5-7 қыркүйек 2017 жыл, Астана қаласы

EXPO-2017 xалықаралық көрмесінің аясында Астанада Қарағанды облысының күндері басталып кетті. 5 қыркүйек күні кешкі сағат 19.00де облыс мәдениеті күндерінің Этноауылдағы ресми ашылуынан кейін, жәрмеңке қызып,Арқаның ән-жыры шашу болып төгілсе, облыстық қазақ драма театры Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық қазақ драма театрында астаналық көрермен дер мен Экспо қонақтарына Мұxтар Әуезовтың "Қарагөз" трагедиялық драмасын ұсынды. Жалпы 85 жылдық тариxы бар, қазыналы өлкедегі театр өнерінің қарашаңырағы- С. Сейфуллин атындағы Халықтар достығы орденді Қарағанды облыстық қазақ драма театрының репертуары қашанда классикалық құнды дүниелерге кенде емес.

Қуанышбаев театрының 200 адамдық шағын залы көрерменге лық толы болып, Қарағанды театрының қойылымы аншлагпен өтті.

Мұратына жете алмаған қос ғашық Қарагөз бен Сырымның трагедиялы тағдыры Сәкен театрының саxналауында айрықша әсерлі шыққанына астаналық көрермен риза көңілден шаттана қол соқты. Қоюшы - режиссер Шәкен Айманов атындағы xалықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов ұлы жазушының қаламынан туған драманы мұң-зармен емес, ән-жыр, ежелгі салт-дәстүр көріністерімен жеткізуге тырысқан.

Басты рөлдерде Сәкен театрының тарландары Е.Жүнсібеков, К. Жұмабеков, Г. Рәшқалиева, Б. Кемалова, Н. Жансүгірова, Ш. Нукина сияқты артистер ансамблін талапты да, талантты жастар толықтырған. Сырым рөлінде - Қуаныш Жағыпаров, Қарагөз - Дина Айғазинованың сомдауында маxаббат жолында құрбан болған ғашықтар тағдыры көрермен жастарға ерекше әсер етті.

-"Қарагөзді" қанша көрсек те, мұратына жете алмай арманда кеткен қос мұңлықтың тағдыры әрдайым көзімізге жас үйіреді-, дейді Астаналық көрермендер риза көңілден.

Ал 7-ші қыркүйек кнүі Сәкен театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық комедия театрының саxнасында М. Әуезовтың "Айман-Шолпан" музыкалы комедиясын Астана көрермендері мен қонақтарына ұсынды. Бұл күні де зал көрерменге лық толып, қойылым аншлагпен өтті.
-«Айман-Шолпанның» бір сағаттан аса жүретін қысқартылған нұсқасын бір деммен көріп шықтық. Алдыңғы күні «Қарагөзді» де келіп көрген болатынбыз. Қарағанды тетарының қойылымдары көңілімізден шықты, киімдері сән-салтанатты, сахналық декорация әсем безендірілген, музыкалық көркемделуі де қойылымның мазмұнын аша түседі. Артистердің барлығы да сондай шеберлікпен, жүректен-жүрекке жеткізіп ойнады. Еңбектеріңіз жана берсін.Тетарға әрдайы табысм тілейміз-, дедйі көрермендердің бірқатары бізге берген сұхбатында.

«Айман-Шолпан» қойылымында Қарағанды театрының байырғы артистері Е.Жүнсібеков, К. Жұмабеков, М. Қисықов, Г. Рәшқалиева, Б. Кемалова, Н. Жансүгірова, Ш. Нукина, З. Әбдіхалықова, Б. Бәкіжанов, А. Қырықбаевтар бастап, өсіп келе жатқан жас актерлер мен актрисалар Айман мен Шолпан Б. Жағыпарова, Д. Заитова, басқа да рөлдерде Б. Сүлейменов, А. Мұқашев, Б. Ахметов, Р. Қошжановтар көрермен ықыласына ие болды.

Астанадағы «Айман-Шолпан» қойылымын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж. А. Әбішев көрді.

Қарағанды театрының Астанадағы қойылымын арнайы көрген мәртебелі қонақтардың бір тобы сонау Татарстан республикасынан келіпті.

Делегацияны бастап келген Татарстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Василь Гаязович Шайxразиев спектакль соңында, сондай бір тамаша меркелік кештен шыққандай болдық дей келе:
-Біздер бауырлас халықтармыз, бұрын қазақ театрларының өнерін ешқашан көрмеген едім, бірақ тіліміздің түбі бір болғандықтан сахнадағы көріністердің барлығы да сондай түсінікті болды. Артистердің ойыны да, әндері мен билері де қатты ұнады. Сондай ризамыз. Біздер мәдени байланыстарды нығайтқымыз келеді. Осыдан елге барғаннан кейін Қарағаны театрын Татарстанға шақырып, бірқатар қойылымдарын біздің көрермендер тамашалайтындай мүмкіндік туғызамыз. Өзім де міндетті түрде тағы көремін деп атап өтті -, Татарстан республикасының вице – премьері Шайхразив мырза.

Қазақстанның халық артисі, режиссер Т. Теменов пен Татарстан республикасының вице – премьері Шайхразив мырзалар «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбаттарынад Қарағандының Сәкен театрының жұмыстарына жоғары баға берді.

Сәкен театрының Астанадағы қойылымдары туралы «Казинформа», «Ekaraganda» ақпараттық сайттары мен Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде жан-жақты ақпараттар мен жаңалық хабарлар жария болды. 

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1

05 09 2017 1