2012 жылы Халықаралық театр фестивалінің лауреаты, Халықаралық Айтматов сыйлығының лауреаты Қ.Қасымов М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиялық қойылымын қойды.

2011 жылы Азербайжан Республикасының  Мемлекеттік академиялық театрының режиссері М.Микаилов М.Ахундзаденің «Мусье Жордан ...» қойылымын қойды.

Италияның Милан қаласындағы « AteliercuncheoN» театрының режиссері, атақты театр реформаторы, педагог режиссер Е.Гротовскийдің ілімін жалғастырушы Андреа Бенальо театрдың көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Д.Еспаевтың шығармашылық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында театр артистерінің басқа режиссерлік және актерлік тәсілдерін игерудегі әлеуетін байқау мақсатында шақыртылып, нәтежиесінде осы екі режиссер бірігіп, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының, сонымен қатар Абай, Қожа Ахмет Яссауи, Шәкәрім, Пушкин, Шекспир шығармаларындағы мәңгілік тақырып «махаббат және рухани сүйіспеншілік» ұғымдарына байланысты жалпы адамзаттық ортақ құндылықтарды дәріптейтін шығарма «Жазмыш» деген атпен сахналанды.