Желтоқсан айының 6 күні Сәкен театры ұжымы гастрольдік іс-сапармен Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры ғимаратында Р.Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» /драма-абсурд/ атты спектаклін Астана қаласы жұртшылығына ұсынған болатын. Осы аталмыш қойылымды тамашалауға келген барлық көрермендер өз ықыластарын білдіріп, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, спектакльді көруге арнайы шығарма авторы Р.Мұқановада келіп, өз ойымен бөлісіп, қойылымның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып өттті.
/Реж: ҚР Мәдениет қайраткері Б.Киекбаев/

Бұл күндері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының Орал өңіріндегі мерейтойлық гастрольдік сапары табысты жалғасуда.

Подробнее...

Кешелі-бүгін Орал театрының сахнасында ҚР Еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмбаековтің «Адасқандар» әлеуметтік драмасы көрермендер назарына ұсынылды. Күніне үш рет қойылса да, «Адасқандар» драмасына көрермендер қызығушылығы өте жоғары болды.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова бастаған қарағандылық делегацияны ҚР еңбек сіңірген артисі, актер-драматург Кеңес Жұмабеков пен «Құрмет» орденді актриса Гүлсара Рәшқалиеваны 70 жасқа толған мерейтойына орайБатыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов арнайы қабылдап,оларға жерлестері атынан сый-сияпат жасады. Сәкен театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сансызбай Нұрсияұлы Бекболатов облыс әкімін театрдың шығармашылық жоспарымен таныстырды.

Театрдың 87-ші маусымы ашылды

Подробнее...

85 жылдан астам тарихы бар, Халықтар достығы орденді Сәкен театры өзінің 87-ші театр маусымын жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың " Фариза мен Мұқағали" лирикалық драмасымен ашты. Спектакльдің қоюшы-режиссері Нұрлан Жұманиязов. Қойылымға қазақтың қос ұлы ақындары - Фариза мен Мұқағалидың арасындағы поэзия тәрізді тұнық та таза қарым-қатынас пен биік адамгершілік асыл қасиеттер, сонымен қатар таланттарды көреалмайтын пенделердің ұсақ тірліктері арқау болған.

Сәкен театры Румыниядан фестивальдан оралды

Подробнее...

Маусым айының 4-і мен 10-ы аралығында Румынияның Тарговиште қаласында театрлардың халықаралық фестивалі болып өтті. Тони Буландра театры ұйымдастырған бұл биік өнер сайысына Қазақстаннан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Гамлет-тәпі» драмасымен қатысты.

Электронная торговля для бизнеса и населения

Подробнее...

Электронная торговля для бизнеса и населения

«ФАРИЗА и МУКАГАЛИ»

Подробнее...

Карагандинский областной казахский драматический театр им. С.Сейфуллина ордена Дружбы народов 14-15 февраля 2018 года (начало в 18.30 часов) представит вниманию зрителей лирическую драму Р.Отарбаева «ФАРИЗА и МУКАГАЛИ» (режиссер – заслуженный деятель РК Н.Жуманиязов).

В Астане в рамкаx международной выставки ЕХРО-2017 проxодит дни Карагандинской области.

Областной казаxский драматический театр им С. Сейфуллина повез астананским зрителям трагическую драму "Карагоз" и музыкальную комедию "Айман-Шолпан" великого казаxсого писателя М. Ауезова.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының апта сайынғы есебі

Подробнее...

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ  драма театры ұжымы  2017 жылдың  11-12 мамыр күндері Балқаш қаласына тәрбиелік мақсатта мәні бар, тарихымен табыстыратын, салмақты ой салар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай қойылған Е.Төлеубайдың «Әлихан Бөкейханов» драмалық қойылымымен және Д.Жүнісованың «От құйрықты Әтеш» туралы  балаларға арналған ертегісімен Балхаш қаласының Мәдениет үйі ғимаратында қала тұрғындарына өз өнерлерін тарту етті. Көпшілік қауым өз ойларымен бөлісіп, қойылымның көңілдерінен шыққанын айтып, алғыстарын білдірді.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының апта сайынғы есебі

Подробнее...

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы 9  мамыр Ұлы Жеңіс күні Қарағанды қаласының мерекелік іс-шараларына белсенді қатысып, арнайы концерттік – театрландырылған бағдарламасын  «Жеңіс саябағында» барлық келген көрермендерге ұсынған болатын. Сондай-ақ, аталмыш мерекелік концертін театр ғимаратында қала жұртшылығына тарту етті. Әрбір келген көрермен өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ақпан-наурыз айындағы атқарған жұмыс-есебі

Подробнее...

 С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының діни экстремизммен терроризмді насихаттауға  қарсы халық арасында, оның ішінде, әсіресе бүгінгі Жастарға тәрбиелік-рухани маңызы зор қойылымдарды ұсынып, олардың теріс ағым жетегінде кетіп қалмауына, адаспай дұрыс шешім қабылдауларына, нағыз Ислам әлемін жетік түсінулеріне Театр ұжымы да өз үлестерін салмақты, ой салар тыңғылықты қойылымдарымен  көрсетіп келеді. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында  К.Жұмабековтың «Адасқандар»  драмасымен  (реж ҚР мәдениет қайраткері С.Жұмағали) театр ішінде, театрдан тыс жерде, қала, облыс, республика көлемінде  тәрбиелік мақсатта, аталмыш қойылыммен гастрольдік іс-сапарлар ұйымдастырып отыру жоспарын жүзеге асыруда