Сәкен театрында жаңа басшы

11 09 2020 2Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакеновтің бұйрығымен С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрына басшылыққа Қалымов Құрман Өмірбекұлы тағайындалды.

Басқарма басшысы жаңа басшыны театр ұжымымен таныстырды.

​Қ.Ө. Қалымов 1981 жылы 5 қазанда қазіргі Ақмола облысының (Көкшетау) Зеренді ауданы, Биіктесін ауылында дүниеге келген. 2003-2007 ж.ж. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Театр және кино актері» мамандығы бойынша оқып, бітірген, 2019 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолы: ​

- 2007-2008 ж.ж. – Ақмола облыстық Ш.Хұсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында актер болған.

- 2008 жылдан бастап қызметтік жолын Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында труппа жетекшісі және актер ретінде жалғастырды.

- 2011-2020жж. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында директордың орынбасары болған.

- 01.06.2020ж. қазіргі уақытқа дейін «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директорының қаржы және ұйымдастыру мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.

Қызметіңіз құтты болсын! Ұжыммен бірге жемісті қызмет етеріңізге сенеміз!

11 09 2020 1 11 09 2020 1 11 09 2020 1 11 09 2020 1