...

Бұл күндері Астана қаласында Халықаралық Vll Samgau театр фестивалі өтіп жатыр. Кеше Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалы драма театрының саxнасында С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры жазушы-драматург Роза Мұқанованың "Ешкім де кінәлі емес" драма-абсурдын фестиваль сарапшыларының назарына ұмынды.

Бірден көрерменін өзіне тартып, санаға салмақ түсіріп бір деммен өте шыққан қойылым аяқталғанда залдағы әділқазылар да, көрермендер де "Браво!" деген үнмен, ду қолшапалақтап орындарынпн тік тұрып кетті. Шығармашылық талқылау барысында әділқазылар алқсының төрайымы, өнертану ғылымдарының докторы, Ресей театр өнер институтының профессоры Нина Шалимова, комиссия мүшелері Қазақстанның xалық артисі, белгілі театр және кино режиссері Талғат Теменов,өнертану ғылымдарының кандидаты Еркін Жуасбек,өнертану ғылымдарының кандидаты Анар Еркебай бірауыздан Сәкен театрының режиссер Бек Киекбаев саxналаған қойылымға өте жоғары баға берді.

Абсурд жанры қазақ театрлары үшін тың дүние болса да, режиссердің автордың философиялық терең ойларын дәл түсініп,актерлер алдына мақсат қоя білген шеберлігін атап өтті.

Сәкен театрының шығармашылық деңгейі осындай күрделі жанр арқылы биіктей түскені қуанышты дейді сыншылар. Басты рөлді сомдаған актриса Дина Заитованың бірсарындылықтан мүлде ада дауыс, пластикасын, актерлік шеберлігін арнайы атап өткен әділқазылар,төрайымы осындай актрисаларға арнап рөл жазатын драматургтар болады деген ойға тоқталды.

14 06 2019 1

14 06 2019 1

14 06 2019 1