Сәкен театры Павлодарға аттанды

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы жеңістің 74 жылдығы мен қазақтың қаhарман ұлы, әуені бағындырған ұшқыш-батыр Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына арналып қойылған "Қыран қазақ" қойылымының премьерасы жақында ғана Қарағандыда өте табысты өткен болатын.

Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын жастарымыздың бойына патриоттық сезім ұялататын батырлық туралы баяндаған спектакльді қуана, қол соғып көрген Облыс әкімі Е. Ж. Қошановтан бастап, барша көрермен Сәкен театрының шығармашылық ұжымына алғыс айтты.

Енді сол ерлік дастаны Баян жұртына - Павлодар көрермендеріне жол тартты.

13 мамыр күні Павлодар қаласындағы облыстық музыкалы қазақ драма театрының саxнасында көрсетілетін "Қыран қазақтан" кеш қалмаңыздар, қымбатты ағайын! Халықтар достығы орденді Қарағандының Сәкен театры Сіздерді ерлік-дастанына шақырады. Нүркен батырдың жалт етіп сөнген қысқа ғұмырындағы айта алмай кеткен маxаббаты, туған жерге, анасына деген сүйіспеншілігі арқау болған.

13 05 2019 1

13 05 2019 1

13 05 2019 1