Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры» КМҚК

Ғасырлар бойына ата-бабаларымыз аңсап өткен, қасиетті Тәуелсіздікке қолымызды жеткізген, Қазақ дегенелді әлемге танытқан құрметті Елбасымыз- ҚРТүңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешімін көңіліміз толқи тұрып, жүрегіміз дүрсілдей отырып қабылдадық. Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлының 2019 жылдың 19 наурызы күнгі тарихи шешімі өзінің онсыз да асқақ беделін, Тәуелсіз еліміздің де халықаралық биік беделін тағы бір белеске көтеріп кеткені айдан анық.

Біздер, өнер мен мәдениет қызметкерлері, соңғы 30 жыл бойына Елбасымыздың ерекше қамқорлығын, айрықша қолдауын көріп, сезініп келдік. Қаншама шетелдік көрермендер ұлтымыздың төл өнерімен, салт-дәстүрімен, тарихымен танысты. Осының барлығы да Елбасымыздың салиқалы да, сабырлы, сарабдал саясатының жемісі мен жеңісі.

20 03 2019 1

Әсіресе қаншама жылдар бойына Облыстық орыс драма театрымен бір ғимарат астында қоңсы қонып келген Сәкен театрына арналған жаңа театр үйінің іргетасын Тұңғыш Президенттің өз қолымен қалаған сәті ешқашан естен кетпес тарих.Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын жаңа ғимарат пайдалануға берілгенде жаңа сахнадағы алғашқы қойылымды көрермендермен бірге Елбасымыздың да тамашалағаны біздің Сәкен театрының ұжымы үшін мерейлі мәртебе болған еді.

Барша халқымызбен бірге біздер сияқты мәдениет пен өнер майданының жауынгерлері әлем мойындаған ғаламдық тұлға - ҚР Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа зор алғыс білдіре отырып, Елбасы мен елдің аманатын арқалаған президент Қ. К. Тоқаевтың әр қадамына сәттілік серік болсын деген тілегімізді жолдаймыз!

Театр басшысы
әрі көркемдік жетекшісі
Бекболатов Сансызбай Нұрсияұлы

20 03 2019 2