КӨКТЕ, КӨКТЕМ, ӘЗ-НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА!

Адамзат баласы ғана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп әз-Наурыз да жетті.

Ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрі мен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алайық деп, Сәкен театрының жастары балалар мен жалпы көрермендерге арналған «Көкте, көктем, Әз-Наурыз қарсаңында» аттты мерекелік бағдарламасын бастап кетті. Қарағанды қаласының бірқатар мектептері мен балалар үйлеріне де қайырымдылық бағдарламасы ретінде көрстеіледі.

Жан-жануар оянып, табиғат та ерекше күйге бөленетін Наурыз айының қадірі мен қасиетін бүлдіршіндерге жеткізіп, мерекенің басты ерекшелігін айғақтайтын ән-жырлар мен ұлттық ойындар көрермендердің көңілін көтеріп, Наурыз туралы  таным-талғамдарын тереңдете түсті. Негізінен театрдың жас артистері өнер көрсететін мерекелік бағдарламаны  қала мектептерінің оқушылары мен ата-аналары ыстық ықыласпен қабылдауда.

Мерекелік бағдарлама кейіпкерлерінің бірі- Қыдыр атаға тілектерін жолдаған кішкентай бүлдіршіндер «Көрісу, Төс қағыстыру», «Аластау», Ұйқыашар» тәрізді салт-дәстүрлік ырым-жоралғылармен танысып, «Арқан тартыс», «Көкпар» «Асық тастамақ» ойындарын ойнап көрді. Сәкен театрының мерекелік бағдарламасы 22 наурызға дейін жалғасады.

18 03 2019 1

18 03 2019 1

18 03 2019 1

18 03 2019 1

18 03 2019 1

18 03 2019 1