Театрдың 87-ші маусымы ашылды

85 жылдан астам тарихы бар, Халықтар достығы орденді Сәкен театры өзінің 87-ші театр маусымын жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың " Фариза мен Мұқағали" лирикалық драмасымен ашты. Спектакльдің қоюшы-режиссері Нұрлан Жұманиязов. Қойылымға қазақтың қос ұлы ақындары - Фариза мен Мұқағалидың арасындағы поэзия тәрізді тұнық та таза қарым-қатынас пен биік адамгершілік асыл қасиеттер, сонымен қатар таланттарды көреалмайтын пенделердің ұсақ тірліктері арқау болған.

Қоюшы-суретшісі- Есенгелді Тұяқов. Басты рөлдерде: Ғани Бердембетов, Бибігүл Жағыпарова, Айбек Қырықбаев және басқа да театр артистері. Тетар маусымы ашылған соң театр шығармашылық ұжымының бір тобы Орал қаласына гастрольге аттанды.

18 09 2018 1

18 09 2018 1

18 09 2018 1

18 09 2018 1