Сәкен театры Румыниядан фестивальдан оралды

Маусым айының 4-і мен 10-ы аралығында Румынияның Тарговиште қаласында театрлардың халықаралық фестивалі болып өтті. Тони Буландра театры ұйымдастырған бұл биік өнер сайысына Қазақстаннан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Гамлет-тәпі» драмасымен қатысты.

Театрлардың Румыниядағы Халықаралық «Babel» фестивалінде өнер көрсеткен 26 театрдың ішінде  әділқазылар алқасы ерекше қойылымдарымен, сахналық безендіру және режиссерлік шешімдерімен көзге түскен 5  театрды ғана айрықша атап өтті.

Сол Мемлекеттік тулары көкте желбіреген 5  елдің театрларының арасында Қазақстанның да көк туы асқақтап тұрды.   Фестиваль өтіп жатқан күндері әр елден келген театрлар ұжымы Тарговиште қаласының көшелерімен,  қызыл кілем үстімен  шерулетіп, өз елдерінің  көкке көтеріп өтті. Қарағандылық Сәкен театрының өнері арқасында фестиваль қонақтары Қазақстан жайында, Елбасымыз Н. Назарбаевтың көпұлтты мемлекетіміздле әр ұлттың өнері мен мәдениетін дамыту тұрғысындағы көпвекторлы саясаты жайында естіп білді. Ал  Жапония мен Корей елдерінің  театр қайраткерлері Сәкен театрымен ынтымақтастықта шығармашылық  жұмыс жасауға қызығушылық танытты. Олар Сәкен атындағы қазақ драма театрын алдағы уақытта өз елдеріне шақыратындықтарын да айтты.    

Біздің театрдың У.Шекспирдің драмасы бойынша қойылған  «Гамлет-тәпі» қойылымында режиссер Қуандық Қасымов көрерменді сахнадағы түрме-клетканы айналдыра отырғызып қойған.   Сол түрме- клеткада аласұрған  басты кейіпкер –ханзада Гамлет  (артист Д. Еспаев)  Дат мемлекетіне қарсы астыртын әрекеттер жасаған айыпкерлерден шындықты айтқызып, әділдік іздейді.

Қарағандылық артистер Ғ. Бердімбетов, С. Сұлтанұлы, Б. Нұрмағамбетов, Д. Айғазинова, С. Тәшімбекова, М. Қойшығарин, А. Жұмамұраттың  ойындары әділқазылар мен көрермендер тарапынан жоғары баға алды. 

Ханзада Гамлет патша әкесіне қастандық жасап өлтіргендерден кек ала отырып, Дат елінде әділдік орнатқысы келеді.  Бес актідегі барлық күрделі оқиғаны бір актіге сиғызған режиссерлік шешім мен актерлердің шебер ойынына фестиваль көрермендері тәнті болғандарын айтады.

Әсіресе еуропалық театрлар  Сәкен театрының қойылымы өздері үшін шеберлік  класындай әсер еткенін атап өтті.

Қарағандылық артистер Ғ. Бердімбетов, С. Сұлтанұлы, Б. Нұрмағамбетов, Д. Айғазинова, С. Тәшімбекова, М. Қойшығарин, А. Жұмамұраттың  ойындары әділқазылар мен көрермендер тарапынан жоғары баға алды.

Орындаған С. Сейфуллин театрының баспасөз-хатшысы

С. Батырханова

8 778 940 20 87