...

С.Сейфуллин атындағы  Қарағанды облыстық  қазақ драма театры ғимаратында театрымыздың актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегеріт Нұржібек Жансүгірованың 25 қараша күні 60 жас мерей тойымен шығармашылығына 40 жыл толуына байланысты шығармашылық кеші өтті. Нұржібек Күлмесханқызы алғашқы өнер жолын 1976 жылдан бастап, сахна төрінде 40 жылдан аса үзбей қызмет етіп келеді.

29 11 2016 1

Осы уақыт аралығында 100 - ден астам қыздар мен арулардың, келіншектер мен аналардың сан алуан образдарын сомдап, кейіпкердің ішкі жан дүниесінің толғанысын, нәзік сезімін, сөйлеу мәнеріне дейін құбылтып, өзіне ғана тән шеберлікпен образдар галереясын сомдаған талантты да, дарынды, жас буын әріптестеріне үлгі болатын аға буын актрисаларымыздың бірегейі.

Аталмыш кешке Нұржібек Күлмесханқызын құттықтап, облыстық маслихаттың хатшысы Абдикеров.Р.К, қала әкімінің орынбасары Мукеева Р.Т, облыс әкімінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Омарбекова.Р.К және де Павлодар театры, Астана театрларынан әріптестері келіп, мерейтойдың куәгерлері болып қуанышымен бөлісті. 

29 11 2016 2