...

2016 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV-ші фестиваліне Сәкен театры ұжымы  Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» (реж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері Д.Еспаев)  спектаклімен қатысып, «Тақырыптық ізденістер үшін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталып қайтты. Басты рөлдерді: ҚР мәдениет қайраткері С.Н.Бекболатов және ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені иегері Н.Жансүгіровалар сомдады.

Бұл пьеса - қазіргі заманғы адамдардың шынайы шындыққа жанасқан адами болмысы, өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, махаббат пен сатқындық жайында болмақ. Пьеса кейіпкерлері- өз өмірлерін туғандарымен жақындарына ғана арнап, өмір қиыншылықтарын көп көрген, алайда өмірге деген құлшыныстарын жоғалтпаған Зейнеп пен Айтөре туралы. Кездейсоқ жолыққан екі қарт жандар, қартайған шағында кездесіп қалады. Әрқайсысы қиыншылық тауқыметін көп көрген тағдырлас жандар, бір- біріннің жан дүниесін түсініп, жақындықты сезінеді. Бірақ, өкінішке орай екеуінің кездесуі - әттең кеш еді!

Ақтөбелік көрермен қауым Сәкен театры ұжымының өнеріне қошемет көрсетіп, өз алғыстарын білдірді.