Нукина Шайза Смағұлқызы

Нукина Шайза Смағұлқызы

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Нукина Шайза Смағұлқызы1952 жылы 5 ақпанда туған (Павлодар облысы, Бянауыл районы, Майқайын). Ұлты:  қазақ. Білімі:  Жоғары, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, филология факультеті.

Нукина Шайза Смағұлқызы М.Әуезов атындағы  академиялық қазақ драма театрының жанындағы өнер студиясын 1978 жылы  драма және кино артисі мамандығы бойынша бітірген. Театрдың көпшілік, шығармашылық, облыстық, қалалық, коғамдық  істеріне белсенді  атсалысады. Өз білімін жетілдіру мақсатында көп еңбек жасады. Ол 1980-1983 ж.ж Театр кұрмет кітабына енгізіліп, Д.Исабековтың «Әпке» спектаклінде Назиля рөлін жоғары шеберлік денгейде сомдаған ұшін Мәскеу қаласындағы театрларға құрметті азамат ретінде арнайы жолдамамен жіберілді. Сонымен қатар 1987 жылы Мәскеу қаласында арнайы  біліктілігін арттыру курсын бітіріп, профессор, педагог, РСФСР халық артисі М.М.Новожихинның шебер классын  өтті.

           Артист көптеген рөлдерді сомдап, республикалық, Халықаралық театр фестивальдеріне қатысты. 1990 жылы Қарағанды қаласында «Жігер» атты фестивалінде Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» спектакліндегі Бағила рөлі үшін  лауреат атанды. Театр сахнасында көрермендердің көңілінен шыққан рөлдері: Ш.Муртаза «Домалақ Ана» - Нұрила (Рух), Ғ.Мүсірепов «Қозы Қөрпеш Баян Сұлу» - Мақпал, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» - Зубаржат, Б.Римова «Қос мұңлық» - Гүлбарам, М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Теңге, Н.Гоголь «Женитьба» - Агафья Тихоновна, Д.Исабеков «Күшік күйеу» - Ботка, Б.Мұқаев «Дүние кезек» - Сәния, Ш.Айтматов «Арманым – Әселім» - Қадиша, Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» - Бағила, Д.Исабеков «Әпке» - Назиля, С.Жүнүсов «Жаралы гүлдер» - Таурид, С.Лобозеров «Жындыханадан келген мейман» - Шешесі, А. Тарази «Жақсы кісі» - Қатира, Ұлжан, С.Балғабаев «Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Райхан, М.Баджиев «Құдалар» - Көкіш, К.Искаков «Мазар» - Қарқабат, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Фармон, Ә.Әмзеұлы «Қара кемпір» -  Қали, Ш.Уалиханов «Ағнұр» - Жұпар, Х.Эчегарай «Данышпан Галеотто» - Мерседес, С.Ахметов «Желтоқсан түні» - Талшын, А.Галин «Қайран жас дәурен» - Н.Воронкова, М.Әуезовтың «Қаракөз» - Текті, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» - Болдуқан, Ж.Ерғалиевтің «Жетім тағдыр» - Тамара, Теннесси Уильямс «Тәнге түскен раушангүл» - Флора  және тағы басқалар.  Ол өзінің еңбекқорлығын көрсетіп осыншама кейіпкерлерді  өз дәрежесінде  жоғары шығарды. Көпшілік сахнада рөлге енгенде, тез арада кірісіп, өзінің рөлдеріне  үлкен жауапкерлікпен қарайды. Жастарға үлгілі тәлім-тәрбие беріп, ұжымның аса қадірлі артисі.

           Бірнеше рет «Сыр мен Сымбат», «Қазақстан әйелдері» журналдарында, «Орталық Қазақстан», «Казахстанская правда», «Индустриальная Караганда», «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде аты жарияланды.

            Талай жылдардан бері терін төгіп, сахна төрінде көптеген бейнелерді сомдаған артистің еңбегі ақталып, 2002 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісін, 2005 жылы Құрмет грамотасын иеленді. Театрдың 75 жылдығына орай Нукина Ш.С. «Жұлдызды роль» номинациясы бойынша С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» атты спектакліндегі Фармон рөлі үшін дипломмен марапатталды.  Бірнеше рет ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Облыс әкімі және облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2008 жылы Ә.Әмзеұлының «Қара кемпір» спектакліндегі  Қали рөлі үшін «Жыл артисі» атты номинациясымен Қарағанды облысының мәдениет департаментінің сыйлығын, 2012 жылы А.Галин «Қайран жас дәурен» спектакліндегі Н.Воронкова рөлі үшін  «Жылдың үздік эпизодтық рөлі» номинациясымен  Қарағанды облысының мәдениет басқармасының сыйлығын, 2014 жылы Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығы «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясын жеңіп алды. 2015 жылы XV аймақтық «Театр балалар әлемінде» атты театрлар фестивалінде лауреат атанып, үздік эпизодтық әйел рөлі үшін Дипломмен марапатталды. 1987 жылы Нукина Ш.С. № 161 Сайлау округінен Қарағанды Ленин аудан кеңесінің депутаты болып сайланған. Көп жылдар бойы театр кәсіподақ ұйымының төрайымы, көрекмдік кеңестің мүшесі болды. Талабы таудай, тәжірибесі әбден жинақталып, сахнада шыңдалған актриса өнерін өрістетіп, жаңа белестерден көрініп, көрермен жүрегінен жол табатындай қомақты да айшықты бейнелер шығару жолында еңбегін жалғастыруда. 

Бекболатов Сансызбай Нұрсияұлы

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

С.Бекболатов 1955 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Красный октябрь ауылында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Алматы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр және кино актер факультетінде оқып, СССР халық халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева, Әшірбек Сығаев, Демеш Арынғазиевадан т.б. шеберлерден дәріс алған. Шығармашылық өнер жолын С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастады. Талантты актер Сахнада К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші»- Труфольдино, М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек»- Жапал, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» - Ақжігіт, А.Бектің «Волокалам тас жолы» - Заев, Н.Гогольдің «Үйлену» - Подколесин образдары арқылы өзінің сан қырлы талант иесі екенін танытты.1990 жылы Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына жұмысқа келді. Ұлттық және әлемдік классикада, сондай-ақ бүгінгі күн тақырыбында жазылған пьесаларда сан қилы бейнелер жасап, оларға өзіндік бояу бере алды.      М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» -Есен,             Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» - Қоңқай,         У. Шекспирдің «Король Лир» - Эдгар, Еврепидтің «Медея» - Егей, А.П. Чеховтың «Шағала»- Медведенко, Э.Филиппонның «Филумено Мартурано»- Адвокат, Т. Нұрмағанбетовтің «Табалдырығына табын» - Хамзин, С. Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз» - Cарман, Т. Ақтановтың «Махаббат мұңы» - Нияз, Ш. Айтматовтың «Ана- Жер- Ана» - Қасым, Әкім Таразидің «Жақсы кісі» - Хазин, Ж. Артықбаевтың «Малайсары тархан» тарихи драмасында - Қоңтайшы образдары арқылы актердің өзіндік ерекшелігін анықтауға болады. С.Бекболатовтың сомдаған М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» - Қортық шал комедиялы жанрда теңдесі жоқ образға айналды. О. Сүлейменов, Б. Мұқайдың «Заманақыр» қойылымында Дастан образы Жезқазған қаласында өткен республикалық театр фестивалінде «Ең үздік ерлер бейнесі» наминациясына ие болды. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Омар бейнесі үшін Шымкент қаласында өткен Республикалық фестивальде «Ең үздік эпизоттық роль» жүлдесін алды. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды. Бекболатов Сансызбай өзінің рухани парасатты, зиялы өнерге ұласқан рухани көркемдік ізденістері, жан кешті еңбекқорлығы нәтижесінде ұлттық өнерді биікке көтеріп жүрген аға-іні буын әріптестерімен бірге өсіп, рухани шыңдалған, адами қасиеттерімен айналасына таланттарды жинаған дара тұлға.  2012 жылдан бері Сәкен театрының директоры қызметін атқаруда. ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Францияның Париж және Германияның Страсбург калаларында өткен ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына және Узеир Гаджибековтың «Аршин мал алан» опереттасының 100 жылдығына орай мерекелік шараға төрт мемлекет Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан қатысты. Қазақстаннан С.Сефуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры С.Н. Бекболатов қойылымдағы Сұлтанбектің рөлін сомдап, өнер көрсетіп қайтты. ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Е.Толеубай «Оян қазақ, ..ойлан қазақ!» Голощекин ролі


Еврипид «Медея» Эгей ролі


Ж.Артықбаев «Малайсары Тархан» Қалден Серен ролі


Қазан қаласында өткен К.Тинчурин атындағы Ұлттық драматургияның VII Халықаралық Театрлар фестиваліне театр ұжымы М.Әуезовтың «Қарагөз» 


Куаныш Жагыпаров

Кымбат Жырымбаева

 

Қойшығарин Мадияр