Новости
...
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 82-ші маусымы 2013 жылдың 11 қыркүйегінде М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашылады.
...
ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Францияның Париж және Германияның Страсбург калаларында өткен ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына және Узеир Гаджибековтың «Аршин мал алан» опереттасының 100 жылдығына орай мерекелік шараға төрт мемлекет Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан қатысты. Қазақстаннан С.Сефуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры ҚР мәдениет қайраткері С.Н. Бекболатов қойылымдағы Сұлтанбектің рөлін сомдап, өнер көрсетіп қайтты.
...
Италияның Милан қаласындағы « AteliercuncheoN» театрының режиссері, атақты театр реформаторы, педагог режиссер Е.Гротовскийдің ілімін жалғастырушы Андреа Бенальо театрдың көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Д.Еспаевтың шығармашылық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында театр артистерінің басқа режиссерлік және актерлік тәсілдерін игерудегі әлеуетін байқау мақсатында шақыртылып, нәтежиесінде осы екі режиссер бірігіп, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының, сонымен қатар Абай, Қожа Ахмет Яссауи, Шәкәрім, Пушкин, Шекспир шығармаларындағы мәңгілік тақырып «махаббат және рухани сүйіспеншілік» ұғымдарына байланысты жалпы адамзаттық ортақ құндылықтарды дәріптейтін шығарма «Жазмыш» деген атпен сахналанды.
...
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында наурыздың 18-21 күндері «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтеді.
Басталуы сағ: 11.00, 14.00, 16.00
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97